22.02.2024
  127


Автор: Бодо Шефер

Үлкен шытырман оқиғаның соңы - 18 тарау

Содан бері бірнеше ай өтті. Мен басымнан өткергенімнің бәрін жаза бастадым. Неге? Оны өзім нақты білмеймін. Мүмкін, ештеңені ұмытпау үшін шығар. Мен күн сайын екі парақ жазба жасадым. Бұл қиын болған жоқ, өйткені сәттілік журналындағы жазбалар көп көмектесті. Бұл маған үлкен ләззат сыйлады.


Күндер зымырап өтіп, әрқайсысы жаңа нәрсе әкелді.


Осы уақытта менің ата-анамның жағдайы өте жақсарды. Голдштерн мырза әкемді екі қызметкер жалдауға көндіре алды. Бастапқыда ол оны көтере алмаспын деп, ешқандай келіспеген. Бірақ содан кейін ол Голдштерн мырзаға сеніп, оның кеңесі-не құлақ асты. Нәтижесінде бәрі өзгерді. Әкем өзіне ұнайтын нәрсеге назар аудара алды. Ал ұнағанын ол шынымен жақсы жасады. Егер бұрын ол өзін кәсіпкерлерге лайық бейімі бары-на күмәнданса, енді ол тек өзіне ұнамайтын немесе жақсы істей алмайтын нәрсені басқаларға тапсыра білуді үйрену керегін білді. Ал әкемнің көңіл-күйі қазір әрқашан жақсы. Ақша қиын-дығынан арылса, адамның қалай өзгеретіні таңқаларлық. Енді ол күн сайын таңертең алдағы жұмыс күніне қуанып, тіпті әндете ысқырып жүреді. Ол мұны жасамағаны дұрыс болар еді: ешкім де әнді ол сияқты бұзбас-ау. Жаңа көлік сатып алғаннан бері ол тіпті бір сағат ерте тұра бастады.


Менің өз шаруам да көбейді. Енді менің қамқорлығымда жиырма бір ит бар. Олардың барлығын серуендеуге, үйретуге және тарап тұруға тура келеді. Әрине, мен мұны ұзақ уақыт бойы жалғыз атқара алмадым, сонан соң басқа балаларды жұмысқа қалай тарту керектігін Марсельден білдім. Мысалы, Моника осылайша жақсы ақша тапты. Рас, мен ақшаны қайдан және қашан алуым керек екенін айта алмадым.


Мен проблемалардың болғаны жақсы екенін білдім.


Өйткені, солардың арқасында мен жаңа мүмкіндіктер іздеп, көп нәрсені үйрендім. Мен компьютермен қанша нәрсені жасауға болатынын түсіндім. Менің жеке ноутбугым бұрыннан бар. Үй тапсырмасы қазір әлдеқайда аз уақытты алады және әлдеқай-да әдемі көрінеді. Менің мектептегі бағаларым да жақсарды.


Енді мен компьютерде ақшалай есеп айырысуды үйрендім, оған Ханенкамп ханым көп көмектесті. Компьютер мен бухгал-терлік есеп оның хоббиі еді. Ол маған көп нәрсені үйретті.


Әрине, мен көбірек ақша таптым. Мен барлық кірістерді бұрынғыдай қатаң түрде бөліп жүрем: жартысы «алтын тауық» үшін, қырық пайызы өз мақсаттарыма жету үшін және он пайызы күнделікті майда шығындарым үшін. Бір кездері Мани-дің талабы бойынша тілектер тізіміне енгізгенімнің көп бөлігі менде бұрыннан бар еді. Тек Америкаға әлі барған жоқпын, ол жерде мен мүлдем ерекше нәрсені бастан өткеруім керек деп ойладым, бұл менің өмірімді тағы бір рет өзгертеді.


Біздің инвестициялық клубымыз да өркендеді. Біздің алғашқы қорымыздың бағамы бір рет төмендегенімен, біз серти-фикаттары – мызды сол кезде сатқан жоқпыз, сондықтан ешқан-дай шығынға ұшыраған жоқпыз. Уақыт өте келе курс қайтадан өсті, егер сатылса, біз жақсы пайда табар едік. Бірақ сатуға ешқан-дай себеп болған жоқ. Біз ақшамыздың өсе бергенін қаладық.


Рас, Марсель бір кездері сатқысы келді. Ол мұны «пайда табу»деп атады. Бірақ Трумпф ханым одан әрі ол не істегісі келетінін сұрады.


Ақша өсе берді. Нәтижесінде, біз инвестициялық қорға тағы да ақша саламыз деген шешімге келдік. Содан кейін Марсель сатудың мағынасы жоқ екенін тез түсінді.


Бізде қазір төрт түрлі қорға инвестиция салынады. Әр жолы ақша сиқыршыларының кездесулері бізге үлкен ләззат сыйлай-ды. Біз Трумпф ханымнан көп нәрсені үйрендік. Тіпті Моника ақша мәселелерін жақсы біле бастады. Сондықтан біз ата-ана-ларға да жақсы кеңес бере алатынымыз таңқаларлық емес еді. Олар біздің ақша салу жоспарымызды ұстанды. Алдымен жасы-ратын, бірақ кейін олар оны жасыруды қойды.


Осы кезде Голдштерн мырза сауығып кетті. Ол өз ісімен қатты айналысып, Мани менімен бірге болды. Бұрынғыдай, біз әр сенбіде Лабрадормен бірге Голдштерн мырзаға барамыз, үшеуміз серуенге шығамыз, содан кейін бізді керемет дәмді какао пирогтары күтіп тұрады. Бізде әрқашан сөйлесетін тақы-рып бар. Голдштерн мырза шынымен қаржылық данышпан екен, мен одан әр жолы бір жаңа нәрсе үйренем. Бірақ, ең бастысы, ол үшін ақша мүлдем жай ғана, табиғи нәрсе сияқты көрінеді. Менің оларға деген көзқарасым біртіндеп өзгере бастады.


Айына бір рет Голдштерн мырза өз клиенттеріне ақша салу жолдары туралы есеп береді. Ата-анам оларды үнемі тыңдай-тын.


Бір сембіде ол менен өзінің клиенттерінің балалары алдын-да ақша туралы баяндама жасайсың ба деп сұрады. Мен келістім. Алғаш рет тек жеті бала келді. Олар менің баяндамаларым туралы жақсы пікір айта бастаған соң, олардың саны жиырма– отызға жетті. Әр баяндамам үшін мен 37,5 еуро табамын.


Бірнеше күн бұрын Голдштерн мырза маған жаңа идея айтты. Ол маған өзіне қосылып, балаларға ақша салуға көмекте-сетін фирма құруды ұсынды. Ол мұны менің Трумпф ханымнан алған қалташама қарап, ойлап тапты. Мен оның идеясын дана-лық деп есептедім. Тек елестетіп көріңіз: менде, Кирада, қаржы данышпаны Голдштерн мырзамен бірлескен фирма болады.


Мен неге ол менімен бірге фирма құрғысы келетінін сұра-дым. Жауап менің сәттілік журналым үшін арнайы жасалған сияқты болды:


– Өйткені сен бұған білімің мен қол жеткізген жетістігің арқасында қабілеттісің. Егер мен сенімен бірге болсам, бұл фирма сенсіз, жалғыз өзім істегеннен гөрі жақсы өседі деп ойла-масам, мен бұл ұсынысты жасамас едім. Сен маған қарағанда әлдеқайда балаларды көп тарта аласың.


Мен онымен келістім, бұл да мүмкін болды, өйткені менің сенімділігім тіпті күшейе түсті.


Бір жағынан мен әлі де толқу үстінде едім. Жақын болашақта мені жаңа шытырман оқиғалар күтіп тұрғанына сенімдімін.


Мен мұның бәрін жазып қойдым. Содан кейін орындыққа шалқая отырып, дисплейдегі жазуға көз жүгірттім. Бұл керемет болды.


Көзім Маниге түсті. Мен итке ойланып қарадым. Біз екеуіміз көптен бері сөйлескен жоқпыз. Мен одан неге сөйлес-пегенімізді сұрағым келді. Бірақ      әлдебір қорқыныш кедергі болды. Неден? Мен бұған нақты жауап бере алмадым. Мүмкін, бұл сұраққа жауап берердің алдында бір нәрсе біржолата аяқта-лады.


Енді мен мұны кенеттен түсіндім. Мен қорқатын нәрседен жасырынбауды үйрендім. Сондықтан мен Маниге қарғыбауды тағып, оны ертіп орманға бардым. Бірақ әлдебір сезім бәрібір өтпеді және біздің қуана серуендеуімізге кедергі болды. Менің тамағымда бірдеме тығылғандай болып, біз әдеттегіден баяу жүрдік.


Ақыры біз баспанамызға жеттік. Біз мұнда көптен бері болған жоқпыз және бұталардың астындағы жолдың шөбі түгел өсіп кетіпті. Біз алаңшаға жеткенше ұзақ жүрдік. Бұл жер де бұрынғыдай жайлы болмады. Бәрі басқаша көрінді.


Мен Маниге ұзақ және мұңая қарап, оның сөйлеуін қала-дым. Ол көптен бері ештеңе айтпағаны соншалық, кейде мен мұның бәрін әшейін ойдан шығарып жүргендей сезіндім. Бірақ бұның бәрі шын еді ғой!


Мен Маниден оның шынымен де сөйлеу қабілеті бар екенін растауын сұрадым.


Оның тұмсығы өзгеріп кетті. Өзімді ол менімен алғаш сөйлескен кездегідей сезіндім.


– Кира, мен сөйлей аламын ба, жоқ па, ол онша маңызды емес.


Мен қуанып кеттім. Бұл, сөзсіз, Манидің дауысы. Ал Мани сөзін жалғастырды:


– Мені ести аласың ба, түсінесің бе, сол әлдеқайда маңызды. Бұл қазір жазып жатқан кітап сияқты. Кейбір оқырмандар сені түсінбейді және өмірінде ештеңені өзгертпейді. Ал басқалары өз ақшаларын ақылға қонымды түрде жұмсай бастайды. Олар-дың өмірі бақытты және бай болады.


Мани үндемей тұрғанда, мен бұл түсім емес пе, ол менімен шынымен сөйлесті ме деп тағы да күмәндандым. Осының бәрінен жынданып кете жаздайсың.


Бірақ кенеттен бәрі өзгерді. Мен бұның түс емесін анық түсіндім. Мен ештеңені дәлелдей алмас едім, бірақ бұл қажет те емес еді. Бір уақытта денем түршігіп кетті, өйткені мен Манидің менімен соңғы рет сөйлесіп тұрғанын сездім. Бойымды уайым жайлап алды. Мен еңкейіп, Маниді құшақтадым. Күшім жеткен-ше қысып құшақтадым. Бұл оны қайтадан сөйлеуге мәжбүр еткен сияқты.


Содан кейін мен Голдштерн мырзаның бір кездері айтқан сөзі туралы ойладым:»менде жоқ деп ештемеге қайғырма, бірақ сенде ондайдың бар болған кезіне риза бол».


Мен үшін бұл: енді Манидің кеңестерінсіз жұмыс жасауым керек. Екінші жағынан, бұл жақсы болды. Егер ол енді сөйле-се алмаса, онда оған қауіп төнбейді. Оны ешкім зерттегісі келмейді. Барлығы менің әңгімемді қыздың өнертабысы ретін-де қабылдайды. Мен ақырын жыладым. Мани бұрылып, менің бетімді жалады. Бұл жолы мен оған еркіндік бердім. Мен ұзақ жыладым, оның сүйіспеншілігі мені жұбатты.


Біраз уақыт өтті, мен тынышталып, тыныш ойлана алдым. Мен Маниден не үйренгені туралы ризашылықпен ойладым. Оның барлық нұсқаулары қазір менің көңілімде. Мен енді бір күні өте бай болатыныма күмәнданбадым. Тіпті сен ойлаған-нан әлдеқайда көп. Мен кез-келген ақшамен-ақ бақытты бола-тынымды білдім. Енді мен өз тарихымды айта алам. Маған Манидің үні елестеді ме, әлде шынымен сөйлесті ме, оны ешкім білмейтіндей етіп жасай алдым. Мені терең ризашылық сезімі тербеді. Мен бақыттан жаным жай тауып, Манимен ұзақ уақыт күркешемізде отырдым – бұл соңғы рет еді. Содан кейін мен кенеттен кітабымды қалай аяқтау керегін түсіндім. Біз үйге келген соң, мен былай деп жаздым:


«Мен көптеген балалардың бұл кітаптың олармен сөйлес-кен сөзін естігенін қалаймын. Ақша деген атақты ит екеуіміз бұған өте разы болар едік».


 


Кира


 




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу