22.02.2024
  186


Автор: Бодо Шефер

Атам мен әжем қауіптен қорқады - 17 тарау

Біз, әрине, кездесуді үнемі жалғастырдық және әрқа-шан үйренетін және сөйлесетін тақырыпжеткілікті болатын. Айына бір рет біз Қордың қандай бағамы бар екенін жаздық. Сондықтан біз әрқашан сертификаттарымызды сатқан кезде не алатынымызды біліп отырдық.


 


Трумпф ханым бұл болашақта қажет болмайды деп сенеді, бірақ қазір бізге көп нәрсені үйренуге көмектеседі.


– Үлкен қорға және бес жылға ақша салған дұрыс, онда не болып жатқанына мүлдем қызығушылық танытпаңыз. Бес жылдан кейін біз оның бағыты қандай екенін көреміз және айтарлықтай пайда табамыз, – деді ол.


Ұзақ уақыт бойы курс әрең өзгерді. Біз шығынға ұшыраған жоқпыз және пайда да таппадық. Бірақ қазан айында біздің Қордың бағамы кенеттен төмендеді. Біздің сертификаттар 10000-нан 7064 еуроға дейін арзандады. Біз жиырма бес пайыз жоғалттық.


Абдырап, басымызды салбыратып, үстел басында отыр-дық. «Ақша сиқыршылары» өлгелі жатқан аққуларға ұқсады. Біз мүлдем абдырап қалдық. Өйткені, біздің үштігіміз сертифи-каттар үнемі және үздіксіз қымбаттайды деп үміттенген-ді.


– Майшамдарды өшірейік, – дедім мен. Көңіл-күйіміз мере-келік емес еді.


Марсель де тып-тыныш, тіпті өзіне ұқсамайды. Тек Моника ғана ұнжырғасын түсірмеді:


– Әкем бүгін таңғы ас кезінде бұл туралы бірдеңе айтып отырған. Дәл не екені есімде жоқ, бірақ ол мүлдем сабырлы болып көрінді. Ол қазір жақсы бағамен сатып алуға мүмкіндігім бар деп санайды. Ол оны «құнынан төмен»деп атады.


 


– Ол өте дұрыс! – Трумпф ханым іліп әкетті. Бәріміз оған бұрылдық: ол сабырлы әрі сенімді болып көрінді. Тіпті мүлдем алаңсыз сияқты.


– Сізді біздің шығынымыз мүлдем шошытпайтын сияқты, – деді Марсель.


– Иә, бізде ешқандай шығын жоқ.


– Бар. Екі жарым мың еуродан астам. Бұл маған мүлдем ұнамайды, – деді ол қыңырлықпен.


– Біз қазір сата бастасақ қана жоғалтамыз. Бірақ біз мұны істемейміз.


– Бәрібір мен өзімді ит сияқты сезініп отырмын – бұл жерде иттің қандай қатысы бар, – дедім мен жақтырмай.


Бөлмедегі атмосфера бұзылайын деді. Трумпф ханым жарқылдай күлді:


– Курстың құлдырауына мен ең бірінші рет дәл осылай қиналғам. Сертификат сатып алған күнді қарғадым және курс одан әрі төмендейтін шығар деп қорықтым. Әдетте, курстар төмендеген кезде газеттер қорқынышты болжамдарға толы болады. Экономикалық дағдарыс және биржалық «қыс» төнгені туралы әңгімелер басталады.


Марсель екеуміз қысылыңқырап, бірі-бірімізге        қарадық. Біз бұл туралы ойлаған жоқпыз. Курс одан әрі төмендеуі мүмкін бе?!


Кемпір көңілді мырс етті. Оның алаңсыз күлгенін көріп, біз де байыпты бола алмадық. Ал ол айтты:


– Мен осы дағдарыстардың бірнешеуін бастан өткердім. Бірақ бір-екі жылдан кейін курстар қайтадан көтерілді. Бұл әр уақытта болады. Сондықтан, егер курстар төмендесе, мен сабыр сақтаймын.


Оның сөздері мені иландырмады:


– Егер, газеттер жазып жатқандай, биржада мәңгілік қыс шынымен басталса ше?


– Осы сөздің өзінде жауабы тұр, – деп жауап берді Трумпф ханым. – Қыс – бұл төрт мезгілдің бірі. Мен қанша өмір сүріп келем, әрдайым қыстан кейін көктем келді, содан кейін жаз, жаздан кейін күз, содан кейін қайтадан қыс. Табиғаттағыдай, бұл жыл мезгілдері биржада да бір– бірін алмастырады. Әрқашан солай болды.


– Онда біз күте тұрып, ойынға қыста қосылуымыз керек еді, – деп түйді Марсель.


– Егер біз қыстың өте жақын екенін алдын ала білсек, – солай. Бірақ біз мұны білгеміз жоқ. Курстар көтеріле бастауы да мүмкін еді. Онда біз ойынға кірмегенімізге өкінер едік, өйткені біз пайданы аз табатын едік.


Енді көбірек сатып алатын кез келді. Сонымен, Мониканың әкесі айтқандай, келесі үш-бес жылда курс бұрынғы деңгейге оралып қана қоймай, тағы жиырма – отыз пайызға өседі деп болжауға болады.


Біз салған он мың еуро содан кейін он екі – он үш мыңға айналады. Егер біз қазір тағы он мың инвестиция сала алсақ, онда олар бір уақытта бізге қырық – елу пайыз пайда әкелетін еді. Бұл екінші он мың еуро он төрт– он бес мың еуроға дейін өсер еді.


– Иә, өйткені біз құнынан төмен сатып алар едік, – деп қайталады Моника әкесінің сөзін.


– Құннан төмен сатып алу нені білдіреді? – деп сұрадым.


– Бұл дегеніміз, – деп жауап берді Трумпф ханым, – біз қазір акцияларды немесе қор сертификаттарын олардың құнынан арзанырақ сатып ала аламыз. Бұл көп уақытты қажет етпейді, өйткені олар үшін қанша тұрса, сонша төлеуге дайын адамдар болады. Сонда біз үлкен пайда табамыз.


Марсель әдеттегідей тез шешім қабылдап, әрекет еткісі келді: – Біз бағам құнынан төмен болған кезде сатып алуға асығуы-


мыз керек. Әрқайсымызда тағы он мың еуро инвестициялау үшін екі жарым мың еуро бар-жоғын қарастырайық.


Мысалы, менде өз үлесімді қосуға жеткілікті ақша бар. Ал сен қалайсың?


Біз бәріміз жақсы ақша таптық. Сонымен қатар, Моника да жақында туыстарынан сыйлық ретінде ақша алды. Әрине, Трумпф ханым үшін мұндай соманы табу қиын болған жоқ. Менде де бір нәрсе болды, бірақ бұл жеткілікті емес еді. Маған 1370 еуро жетпейді. Мен арман құтыларындағы ақшаны алғым келмеді.


Бірақ мен бастаған бүкіл шаруамызға кесірім тиюін қаламаймын. Өзімнің барша мүмкіндіктерімді ойша шолып өтіп, атам мен әжем маған жинақ кітапшасын ашқанын есіме түсірдім, менің жасауым үшін деп үнемі азын-аулақ ақша салып тұратын. Онда кем дегенде үш-үш жарым мың еуро болуы керек.


Мен бұл туралы басқаларға айттым. Біз ертең кезектен тыс кездесу ұйымдастырмақ болып шештік. Оған дейін мен атам мен әжеммен сөйлесемін. Өйткені, жинақ кітабы, әрине, ақша-ны сақтаудың ең жақсы тәсілі емес. Голдштерн мырза жинақ кітаптарын «ақшаны жою машинасы»деп атайды.


Мен «мыстан үйінен» кетіп бара жатқанда, бағып жүрген иттерім күтіп тұр екен. Кешкі астан кейін ғана мен атам мен әжеме бара алдым. Әжем өзінің ерекше рецепті бойынша кере-мет печенье мен какао дайындапты. Әлемде ешкім мұндай дәмді какао жасай алмайды.


Мен атам да, әжем де сертификаттарды сатып алудың ең жақсы сәті қазіргі кез екеніне бірден келісетініне сенімді едім. Бірақ мені үлкен реніш күтіп тұр екен.


Ата-анам оларға менің жетістіктерім туралы талай айтқан ғой, сондықтан мен оларға әңгімені бірден бастамадым. Печенье жеп отырғанда, мен оларға біздің инвестициялық клуб туралы айттым. Трумпф ханым дайындаған папка өзімде еді. Сондықтан мен бәрін жақсы түсіндіре алдым. Біз екі қордың бағамдарының өзгеруін жазғандықтан, мен бұл туралы айта алдым.


– Кира, балақай, – деп қорықты атам, – бұл өте қауіпті! Сен барлық ақшаңнан айырыласың.


Мен білгенімді түсіндіруге тырыстым: егер мен биржалық апат кезінде сертификаттарды сатсам ғана шығынға ұшырай-мын. Курс қайтадан көтерілетіні сөзсіз, биржада жаз бен қыс әрқашан бір-бірін алмастырып тұрады және жалпы алғанда, болашақты болжай қарасаң, курстар әрқашан өседі. Бұрын да талай дағдарыстар болған, соның кейбірі тіпті ауыр болды, бірақ соған қарамастан курстар тағы да өсті.


Бірақ менің атамды ештеңе иландыра алмады, оның үстіне әжем оны қолдап отырды:


– Ең бастысы, Кира – сенімділік. Біз өмірде алаяққа сенген-діктен барлық ақшасынан айырылған адамдарды көрдік.


– Ал, әже, бұл тіпті салыстыруға келмейді, – деп қарсылық білдірдім. – Қорлар миллиардтарды басқарады.Ешкім ондай ақшамен қашып құтыла алмайды. Оларды мемлекет пен банктер бақылайды.


– Акциялар – бұл тәуекел, – атам мені мүлдем тыңдамады. – Оларға жолама.


– Бірақ сіз бұл туралы ештеңе түсінбейсіз, – дедім мен. – Осынша соқыр болуға бола ма?! Алдымен сіз оны өзіңіз анықтап, содан кейін ғана үкім шығаруыңыз керек. Сіз бұл қауіпті деп ойлайсыз, өйткені сіз акциялар, сертификаттар және инвестициялық қорлар туралы ештеңе білмейсіз.


Әжем саусағын сақтандыра шошайтты:


– Жастар үлкендерді тыңдауды үйренуі керек. Бұл өмірде біз үлкен тәжірибе жинадық.


Ал атам:


– Көпіршікті үрлей берсең, жарылады да, жоқ болады. Аспандағы тырнадан жердегі шымшық артық деген бар.


Мен шарасыздықтан айқай салғым келді. Мен асығыс қоштасып, ренжіген күйде үйге қайттым. Мен оларға мүлдем өтініш білдірмеуім керек еді. Біздің инвестициялық клуб үшін олардан ақша аламын деп үміттену бекер болды. Оның орны-на олар менің ісіме араласуға тырысты. Мен бұдан әрі не істеу керектігін білмедім. Көңіліме әлде бір сенімсіздік орнады.


Үйге оралған соң, мен бірден Голдштерн мырзаға қоңырау шалдым. Жолым болды, оның қолы бос екен. Мен оған курстың құлдырауы және ата-әжемнің қарсылықтары туралы айттым.


Менің әңгімем оны күлдірді:


– Сен атаң мен әжеңді түсінуің керек: олар саған жақсылық тілейді және сені барыңды жоғалтудан сақтағысы келеді. Және олар мұны өздерінше жасайды.


– Бірақ бұл жай ғана ақымақтық. Олар тіпті менің айтқа-нымды тыңдамайды.


– Олар өмірде көп нәрсені, соның ішінде жаманды да көрді. Енді олар өздерін де, сені де қорғағысы келеді. Мұны түсінуге болады. Ал, енді байсалды әңгімеге көшейік. Сен оларға риза-шылығыңды білдіруің керек: олар сені қателесуден сақтаған шығар.


– Қалай қате?


– Қазір тағы он мың еуроға сертификат сатып алу керек деп ойламаймын. Менің ойымша, бес мың еуро жеткілікті.


– Неге? Егер біз қазір көп ақша салсақ, біз одан да көп ақша таба алар едік қой.


– Әрине, – деп шыдамдылықпен жауап берді ол. – Бірақ егер курс одан да төмен түссе ше? Сонда сен: мен барлық ақша-ны салмағаным қандай жақсы болды дерсің. Сонымен қатар, сенде сертификаттарды қайтадан сатып алуға ақша болады.


– Бірақ біз курстың одан әрі төмендейтінін білмейміз.


– Әрине, біз білмейміз. Ешкім білмейді. Болашақты болжайтын барлық сарапшылар да қайта-қайта қателеседі. Көбінесе бәрі біз ойлағандай болмайды. Сондықтан бізде әрқашан қолма-қол ақша резерві болуы керек. «Алтын тауық» шотындағы барлық ақшаны акцияларға немесе акционерлік қорларға салуға болмайды.


– Мен инвестициялық қорлар өте сенімді деп ойладым, – деп күңкілдедім мен.


– Иә, олар өте сенімді. Әсіресе, егер сенде жеткілікті уақыт болса. Курс қанша төмен түссе де, ол қайтадан көтеріледі. Бірақ тәуекелді бөлу үшін ақшаның бір бөлігін әрдайым сенімді түрде ұстау керек.


– Ақшаны жинақ кітапшасына салу керек деңіз, – байқау-сызда аузымнан шығып кетті.


– Жоқ, сен менің жинақ кітаптарына деген көзқарасым-ды білесің. Әлдеқайда жақсы мүмкіндіктер бар. Сен, мысалы, мемлекеттік облигацияларды сатып ала аласың. Сен – нарықтағы жағдайға байланысты – олардан пайыздар аласың. Қазір бұл шамамен үш жарым пайызды құрайды. Ал сен өз ақшаңды кез келген уақытта қайтарып ала аласың.


– Үш жарым пайыз? Иә, осыған бола орындықтан құлап кетпеспін. Бірақ мен ешқашан байымаймын да ғой.


– Әрине, сен байып кетпейсің, – деп күлді Голдштерн мырза. – Сенің ақшаң тіпті көбеймейді де, өйткені барлық өсімді инфляция жейді.


– Инфляция нені білдіреді?


– Бұл кезде сенің ақшаңның құны төмендейді. Бүгін сен тоқашты жиырма бес центке сатып ала аласың. Екі жылдан кейін оның құны болады делік – жарты еуро. Сонда сенің жиырма бес центің үшін сен тек жарты тоқаш аласың. Бұл сенің ақшаңның жартысына тең болатынын білдіреді. Бұл – инфляция.


– Менің ақшамды жалмап жатқан инфляцияның қанша-лықты үлкен екенін қалай білуге болады?


– Қазір ол, шамамен, үш пайызды құрайды. Егер сен бұл нені білдіретінін есептегің келсе, өте қарапайым формуланы қолдануға болады. Жетпіс екі Формуласы өте ыңғайлы, өйткені оның көмегімен сен қанша жыл ішінде ақшаңның екі есе өсетінін біле аласың. Бірақ оны инфляцияның не екенін жақсы түсіну үшін де қолдануға болады. Ол белгілі бір инфляция деңгейінде қанша жыл ішінде сенің ақшаң өз құнының жартысын жоғал-татынын көрсетеді. 72-ні инфляцияның үш пайызына бөлсең, 24 шығады. Демек, 24 жылдан кейін сенің ақшаң бүгінгі күнгінің жартысына тең болады.


Бұл үшін қандай аз уақыт қажет екені мені таң қалдырды.


– Демек, инфляция облигациялар үшін алатын пайыздар сияқты жоғары болды ғой.


– Дұрыс! Сондықтан мен жинақ кітаптарын ақшаны жоюға арналған машиналар деп атаймын. Өйткені, онда төленетін пайыздар инфляциядан болатын шығындардан да аз.


– Мемлекеттік облигацияларға қатысты жағдай да онша жақсы емес.


– Бұл анық. Бірақ, жалпы алғанда, таңдау жоқ. Сен барлық ақшаңды акцияларға салғың келмейді. Егер сен әлі жас болсаң да, сенде әрқашан резерв болуы керек. Тек осылай ғана тәуекелді ең жақсы жолмен таратуға болады.


– Қандай да бір банктен жоғары пайыз алуға мүмкіндік жоқ па? – әлі де күмәным шайылған жоқ.


– Әрине, жоғары пайда әкелетін инвестициялар да бар. Бірақ бұл үшін сен ұзақ уақытқа ақша салуың керек. Бұның кемшілігі сонда. Егер биржалық бағам төмендеп, акцияларды немесе сертификаттарды сатып алу үшін ыңғайлы сәт болса, сен мұны жасай алмайсың.


– Менің ақшамның қанша бөлігін облигацияларға салу керек?


– Бұл өмірлік жағдайларға байланысты. Сен әлі өте жассың, сондықтан сен өзіңді жиырма пайызбен шектей аласың.


Мен бүгін Голдштерн мырза бұдан артық ештеңе айтпа-сын сездім, сондықтан мен оған шын жүректен алғыс айтып, қоштастым.


Мен облигацияларға қанша еуро (пайыз емес) салу керек екенін және сертификаттарды сатып алуға қанша қаражат жұмсау керегін сұрамақ едім. Бірақ мен оның ешқашан айтпай-тынын өз тәжірибемнен білем. Ол әрқашан тек ұстанымдарды ғана түсіндіреді. Мен бұл ұстанымдарды өмірде қалай қолдана-мын, ол – менің ісім. Осы арқылы ол менің оған сенбейтініме, бірақ өзі мен қаржысы үшін жауап бергеніме қол жеткізгісі келді. Мен есептеулерге терең үңілдім. Менде 1130 еуро бар. Ертең төлем күні келеді. Мен не алуым керек? Ит үшін күні-не 1 еуро 16 итке көбейтіңіз, 30 күнге көбейтіңіз. Сен 480 еуро аласың. Күніне 25 центтен мен көмекшілеріме төлеймін. Бұл 120 еуро. Сондықтан маған 360 еуро қалады. Сонымен қатар, тоғыз иттің иелері мен олардың үй жануарларын үйре-темін деп келістім. Мен осы иттердің әрқайсысына екі трюк


үйреттім. Бұл тағы 180 еуро.


Сондықтан мен ертең 540 еуро аламын. Өзімдегімен 1670 еуро. Мен «ақша сиқыршыларына» сертификаттарды сатып алу үшін тек 1250 еуро пайдалануды ұсынамын деп шештім. Қалған 420 еуроны мен ертең облигацияларға салуға шештім. Жақында Хайнен ханымды қайта көремін деп ойлау өте жақсы болды. Аһа, маған бірден ұнаған адамнан шот ашқаным қандай жақсы болды.


Көңілім толып, төсекке жаттым. Жақсы шешім тапқандай-мын. Мен тағы да қызықты күнді бастан өткердім деп ойладым. Менің барлық күндерім, мәні жағынан, үздіксіз шытырман оқиғаға айналды. Мен енді іш пысу дегенді ұмыттым. Мұның бәрі Мани маған ақша ұстаудың алғашқы даналығын үйретуі-нен басталды.


Ақ Лабрадор, әдеттегідей, менің төсегімнің жанын-да жатты, мен ойлана отырып, оның арқасынан сипадым. Бәрі қалай өзгерді! Мен енді бір жыл бұрынғы Кира емес едім. Менің көптеген жаңа қызығушылықтарым және көптеген жаңа достарым бар: Голдштерн мырза, Марсель, ерлі-зайыпты Ханен-камптар және Трумпф ханым.


Көңілім толғаны сонша, төсектен еңкейіп, Манидің басынан сүйдім. Ол жауап ретінде бірден менің бетімді жалады. «Әй, сен, тентегім!» – деп ойладым да, ұйқыға шомдым.


 




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу