Әңгімелер ✍️
Инвестициялық клуб - 14 тарау
Түскі астан кейін Моника, Марсель, мен және әрине, Мани Трумпф ханыммен кездестік. Біз келгенше кемпір дөңгелек үстелді жасыл дастарханмен жауып, үстіне көне шамдал қойып, оған орнатылған алты майшам жағып қойыпты, бұл әлдебір мерекелік салтанат дарытатындай. Әрқайсымызға кішкене қалта мен конверт дайындапты.
Трумпф ханым бізден әзір ештеңеге қол тигізбеуімізді өтін-ді. Біз бұдан әрі не болатынын үлкен қызығушылықпен күттік.
– Біз алғашқы инвестициялық отырысымызды ашамыз, – деді Трумпф ханым. – Және, ең алдымен, біздің топтың атауы қалай болады, соны ойластыруымыз керек.
Оның ұсынысы құнарлы «топыраққа» түсті. Бізде идея көп еді: «Ақша сарайы» мен «Алтын тауық», «Сиқыршының шәкірт-тері» мен «Дукатовтар шайтандары». Басқа ұсыныстар да болды: «Арман инвестициялық тобы», «Алтын төрттік», «Ақша зымы-раны» және «Кимамо Трумпф». Бір қарағанда жұмбақ тау көрі-нетін «кимамо» сөзі біздің есімдеріміздің алғашқы екі әрпінен құралған. Соңында біз Мониканың ұсынысынан жақсысы жоқ деп шештік: «Ақша сиқыршылары». Біз сиқырлы формуламыз-ды білсек, ақша өз-өзінен келе беретіндей көрдік:
* ақшаны жақсы көретініңді және оның болғанын қалайтының-ды шешу;
* өзіңе сену, идеяларға ие болу және өзіңе ұнайтын нәрсені жасау;
* ақшаны күнделікті шығындарға, тілектерді орындауға және «алтын тауық» шотына бөлу;
* ақшаны ақылды түрде салу;
* мұның бәрінен ләззат ала білу.
Біз дайындалған қарындаштарды алып, қалташалары-мызға «ақша сиқыршылары» деп және өз аттарымызды жаздық. Марсель күлді. Оны алтын сиямен жазатын қарындаштар қызықтырған. Содан кейін қалғандарымыз да күлдік. Трумпф ханым осының бәрін ойластырған.
Енді ол бізге қалталарды ашуға рұқсат берді. Бірінші бетке біз сиқырлы формуламызды жаздық. Осыдан кейін ол өте байыпты түрде:
– Біздің инвестициялық топтың жетістігіне сенімді болу үшін бізге белгілі бір ережелер қажет. Мен оларды екінші бетке жаздым, – деді. Біз парақты аударып, оқи бастадық:
- Кездесулер айына бір рет өткізіледі. 2. Оларға қатысу міндетті.
- Әркім өз үлесін өзімен бірге қолма-қол ақшамен алып келеді. 4. Сен өз үлесіңді ала алмайсың, өйткені біз «алтын тауықтың» өскенін қалаймыз.
- Барлық шешімдер ұжымдық түрде қабылданады.
Біз ай сайынғы кездесулеріміз өтетін күнді белгіледік және әрқайсысы айына елу еуро төлейді деп шештік. Бұл сома бәріміздің қолымыздан келеді. Марсель екеуіміз өте жақсы ақша тапқанбыз, ал Моникада күнделікті жұмсауына деген «қалта ақшасы» көп. Біз бәріміз бірге есепшот ашуымыз керек, оны тек бірге басқара аламыз.
Біз барлық шешімдерді жаздық. Бірақ тосынсыйлар мұнымен аяқталған жоқ. Трумпф ханым:
– Мен сендердің батылдықтарың үшін қандай алғыс айтсам екен деп ойландым. Бұл менің сендерге жасаған сыйлығым. Енді конверттерді аша аласыңдар.
Екі рет қайталаудың қажеті болған жоқ. Біз өз көзімізге сенер-сенбесімізді білмедік: әр конвертте бес жүздік еуро бар екен. Біз оның ризашылығын қалай елестетсек те, біздің ешқай-сымыз мұндай сомаға сенбедік. Менің басым тіпті сәл айналып кетті. Мен мұндай ақшаны ешқашан көрген емеспін.
– Біз мұндай сыйлықты қабылдай алмаймыз», – деді Марсель екіұшты түрде.
– Біз ерекше ештеңе жасаған жоқпыз, – деп қолдады оны Моника.
Трумпф ханым бұған басқаша қарады:
– Сендер маған үлкен жақсылық жасадыңдар. Егер олар тек ақша ұрласа, бұл мені онша қатты ренжітпес еді. Бірақ күйеу-імнің сыйлаған әшекейлері мен үшін өте қымбат. Мен оларды таққан кезімде, мен әрқашан күйеуіммен бірге болған ең әдемі сәттерді еске аламын.
Мен өзімді ыңғайсыз сезіндім, бірақ Трумпф ханымның бізге бұл ақшаны беруі қаншалықты маңызды екенін сезін-дім. Сондықтан мен тұрып барып, оны құшақтадым. Мүмкін оны көптен бері ешкім құшақтамаған шығар, өйткені ол қатты әсерленді. Моника маған бірден қосылды. Мен Марсельге иек қақтым, ол да бізге қосылды.
Трумпф ханымға алғыс білдіріп, біз қайтадан үстелге отыр-дық. Кемпір өте риза болып көрінді. Біз ұзақ уақыт бойы бес жүз еуролық вексельдерді қарап шықтық. Байлық!
– Сонымен, біз он мың еуро инвестициялай аламыз, – деп қорытындылады Трумпф ханым, ол да өзінің екі жарым мыңын қосқысы келді. – Оған қоса, әрқайсымыздан айына елу еуро, яғни екі жүз еуро ғана. Бұл жылына екі мың төрт жүз еуро. Алты жылдан кейін бізде жиырма төрт мың еуро болады. Бірақ біз бұл ақшаны іске қосқымыз келетіндіктен, кейін одан да көп болады.
– Сонда қанша? – Мониканың білгісі келді.
– Мен мұны кейінірек айтамын, – деп жауап берді кемпір. – Енді біз бірлескен шот ашып, оған ақшамызды салу үшін банкке асығуымыз керек. Кім жақсы банкирді біледі?
– Мен білемін! – дедім бірден.
Біз ақшамызды алып, банкке бардық. Әрқайсымыз үстел-ге екі жарым мың еуро қойғанда, Хайнен ханым таң қалды! Ол біздің идеямызды керемет деп тапты. Ол шотты «ақша сиқыршылары» деп атады. Бұл атау банктің шот көшірмелерінде де болады. Барлығы кетуге дайындалып жатқанда, мен Хайнен ханымға бірдеңе айту үшін тағы бір минут кідірдім. Мен оған мектеп жиналысында сөйлеу туралы шешімім туралы айттым.
Кассир маған мақтанышпен қарады. Бір кештердің бірінде ол менімен бірге дайындық жасау үшін біздің үйге келеді деп келістік.
Мен басқалардың соңынан жүгіріп, көп ұзатпай қуып жеттім. Көшеде бірге жүру керемет болды. Біз ақша сиқыршы-ларымыз. Моника бізге бір-бірімізді осылай атауды ұсынды. Бұл Марсель үшін тым әсіре болып көрінді, бірақ Моника айтқанынан қайтпады.
«Мыстан кемпірдің үйіне» оралғаннан кейін біздің алғашқы сабағымыз басталды. Біз өз ақшамызды қалай салғымыз келетінін шешуіміз керек еді. Біз үстелдің айналасыына жайғасқасын, Трумпф ханым сөзін бастады:
– Ақша салу көптеген адамдар ойлағаннан әлдеқайда оңай. Шынында да, біз тек үш жағдайды ескеруіміз керек. Мен оларды үшінші бетке жаздым.
Біз үшінші бетте қалталарды ашып оқыдық:
- Менің ақшам ұрма тәуекелі ең аз болатын мүмкіндікті ойластырып салынуы тиіс.
– Дұрыс, – деді Марсель, – әйтпесе ақшамыз жылап жоға-лады ғой.
– Міне, – деп қоштады Трумпф ханым. Мен келесі тармақты оқыдым:
- Менің ақшам көп алтын жұмыртқа әкелуі керек. Трумпф ханым түсіндірді:
– Біз, әрине, мүмкіндігінше көп пайыз алғымыз келеді. Сондықтан ең жоғары пайызды кім төлейтінін іздеу керек. Сонымен қатар, акциялар мейілінше мол пайда әкелетінін қарау керек.
Тек соңғы тармақ жетіспеді:
- Біздің инвестициялар жақсы түсінетіндей болуы керек.
– «Оларды қайтару оңай болуы керек», – деп толықтырдым мен.
– Банктік шот сияқты, – деп қосты Трумпф ханым. – Бәрі ойнап тұрғандай оңай болуы керек.
Моника мұны ерекше маңызды деп тапты. Ол бәрін түсіне алмаймын-ау ептеп қорқады.
– Демек, біз акцияларға ақша саламыз, – деп қорытындылады Марсель.
– Ал акциялар дегеніміз не? – деп анықтады Моника. Марсель оған менсініңкіремей қарады:
– Бұл кез-келген балаға белгілі ғой! Трумпф ханым оған қарады:
– Жарайды онда, жолың болғыр, Моникаға түсіндірші.
– Оңай, – деп бастады Марсель. – Акциялар – бұл қашан: ім-ім, биржадағы адам: ім-імім, адам алыпсатарлық жасаған кезде:
Мұнда ол қатты қызарып, үнсіз қалды. Кемпір көңілді түрде: – Бұл көптеген ересектер үшін де проблема. Бәрі де
акциялар туралы бірдеңе естігенмен, бірақ оның не екенін некен-саяқ адам ғана біледі.
Мойындауым керек, «акция» сөзін естігенмен, бұл туралы ештеңе білмеймін.
– Елестетіп көріңізші, – деп жалғастырды кемпір, – Марсель өзінің тоқаш жеткізуші кәсіпорны үшін екі жарым мың еуроға компьютер сатып алғысы келеді. Бұл оның жұмысын жеңіл-детіп, көп уақытты үнемдейтін еді. Бірақ ол оған өз ақшасын жұмсағысы келмейді. Бұл жағдайда ол қарызға ақша алады. Мұны банкте жасауға болады. Оны несие алу деп атайды. Несиені қайтару керек, тіпті оның үстіне тиісті пайызын төлеу керек. Егер сен ештеңе қайтарғың келмесе, онда тағы бір мүмкіндік бар: Ол сендерден оның фирмасына ақша берулеріңді сұрайды. Бұл жағдайда Марсель сендерге ештеңе қайтармайды және пайыз төлемейді. Сендердің әрқайсыларың оған сегіз жүз еуро бересің делік.
– Неге біз оған ақша береміз? – деп сұрады Моника абдырап.
– Міне, ең қызығы осында жатыр, – деп жауап берді Трумпф ханым. – Сен оған ақша бересің, өйткені бұл саған пайдалы. Егер сен Марсельдің серіктесі болсаң, бұл мәнісі бар шаруа болғаны.
– Сонда бұл қалай болады? – мен қызығушылық таныттым. – Мысалы, сендер әрқайсың оның фирмасының он пайы-
зына иелік етесің деп келісе аласың. Марсельдің фирмасы, айта-лық, он мың еуро тұрады.
– Оның құнын қайдан білеміз? – деп сұрадым.
– Баға адамдардың ол үшін қанша төлеуге дайын екеніне байланысты, – деп түсіндірді Трумпф ханым.
Марсель бірден идеяға ие болды:
– Мүмкін менің фирмамды жаңа клиенттер тарту үшін басқа наубайшы сатып алатын шығар. Өйткені, олар одан тек тоқаш сатып алмайды. Демек, бұл оған тиімді болады.
Трумпф ханым бас изеді:
– Сен нағыз кәсіпкерше ойлайсың, – деп мақтады ол. Марсельдің жүзі жайнап кетті. Ал Трумпф ханым сөзін жалғас-тырды:
– Егер ол өз фирмасын сатқысы келсе және біреу оған он мың еуро төлесе, онда Марсель өзінің сексен пайызын, яғни сегіз мыңын алады. Сендердің әрқайсыларың он пайыздан, яғни мың еуро аласыңдар.
– Демек, мен оған бергеннен екі жүз еуро артық аламын, – деп қуанды Моника.
– Сен қандай ақылдысың, – деп күлді Марсель, ал Моника оған жазғыра қарады.
– Бірақ, – дедім мен, – егер фирма сатылса ғана мен осы оқиғадан бірдеме табамын ғой?
– Олай емес, – деді Трумпф ханым. – Мүмкін біреу сенің үлесіңді сатып алғысы келер. Сонда сен оны сатуға келісетін бағаны өзің белгілейсің. Өйткені, олар болашақта оны қымба-тырақ сатуға болады деп сенсе ғана сатып алады. Бұл күн сайын биржаларда болатын оқиға. Биржалар – бұл әртүрлі фирма-лардың меншік үлестерін сататын және сатып алатын адамдар кездесетін орын. Олар әрқашан өз үлестерін сатып алған баға-сынан гөрі қымбатырақ сата алармын деп үміттенеді.
– Бірақ мұны нақты білу мүмкін емес, – дедім мен.
– Дұрыс, – деп келісті Трумпф ханым. – Бірақ Марсельдің фирмасында оның бағасын көтеруге мүмкіндік беретін нәрсе бар ма деп болжауға болады.
– Бірақ менің фирмамның бағасы көтерілсе, сенің он пайыз-дық үлесің де қымбаттайды»,– деді Марсель. – Баға одан әрі өседі деп үміттеніп, сатып алушы жағдайға байланысты одан да көп төлей алады.
Мен оған құрметпен қарадым:
– Мұндай нәрсені қалай тез түсінесің!
– Біздің бұл жігіт жарайды!, – деп Трумпф ханым Марсельді мақтады.
– Бұл жұрттың бәрі оңай түсіне қоятын нәрсе емес.
– Мысалы, маған бұл оңай емес, – деп шағымданды Моника. – Бұл акциялардың жақсысы, – деді Трумпф ханым. – Өз
фирмаңды құрудың қажеті жоқ; сен жай ғана кейбір фирмадан меншік үлесін сатып ала аласың. Ол үшін акцияларды сатып алу жеткілікті.
– Мен басқаларға өз ақшаммен жұмыс істеуді тапсыра аламын, – деп қуанды Моника. Бірақ маған бәрі түсінікті емес еді:
– Ал егер ешкім менің фирмалардағы меншік үлесімді сатып алғысы келмесе ше?
– Демек, біреу сатып алуға дайын екенін айтқанға дейін бағаны төмендету керек. Сатып алушы әрқашан бар. Мәселе тек ол қандай баға төлеуге дайын, – деп түсіндірді кемпір.
– Демек, мен бір күні ақшамды жоғалтуым мүмкін, – дедім мен ренжіп. Бұл жағдай маған ұнай қойған жоқ.
– Солай, – деді Трумпф ханым. – Бірақ сен сатқан жағдайда ғана жоғалтасың. Егер сен өз үлесіңді сатпасаң, онда болашақта ол үшін көбірек төлеуге дайын сатып алушы болуы мүмкін.
– Оған дейін мен ешқандай пайда көрмеймін бе?
– Сен барлық кірістен өз үлесіңізді аласың, – деді трумпф ханым. – Егер пайда бар болса, ол әрқашан меншік үлесіне иелік ететіндер арасында бөлінеді. Бұл дивидендтер деп аталады.
– Демек, Марсель өз табысын бізбен үнемі бөлісуі керек пе? – Моника қуанды.
– Фирмалар әдетте жылына бір рет қанша пайда тапқанын есептейді. Содан кейін бұл ақшамен не істеу керектігі тура-лы шешім қабылданады. Мысалы, фирманың жақсы жұмыс істеуі үшін ақшаның бір бөлігі жаңа жабдыққа жұмсалуы мүмкін. Ал екінші бөлігі меншік үлесіне иелік ететіндердің барлығына бөлінеді.
– Мұны кім шешеді? – Моника қызығушылық танытты.
– Иә, меншік үлесіне иелік ететіндердің барлығы. Шешім көпшілік дауыспен қабылданады. Бұл акционерлер жиналысы деп аталады, – деп түсіндірді Трумпф ханым.
– Марсель білуге тиіс нәрсенің бәрін мен біліп отыруға мәжбүр болмауым – өте жақсы, – деп қорытындылады Моника әңгімені. – Сонымен бірге мен онымен бірдей ақша таба аламын. Бұл даналық.
– Бірақ сен әлі де компанияның өзі туралы көп білуің керек, – деп қостым мен тағы да ақша салудың үш ережесі бар параққа қарап. – Сіз бізге айтқанның бәрін байыптағанда, акциялар маған онша сенімді емес сияқты көрінеді. Және олар туралы бір нәрсені түсіну оңай емес, олармен айналысу да оңай емес. Тек екінші ереже орындалатын сияқты: жоғары пайда.
– Егер сен акцияны өзің сатып алсаң, солай болады, – деп құптады Трумпф ханым. – Бірақ сен басқаларға меншік үлесін қай фирмалардан сатып алу керектігін таңдауға нұсқау бере аласың.
– Бірақ мұның бәрін біз үшін кім жасай алады?
– Мен мұны келесі кездесуде түсіндіремін, – деді Трумпф ханым. – Бүгін біз көп нәрсені білдік, тіпті банкке ақша салып үлгердік. Келесі жолы мен кез-келген баланың акциялардан түскен пайдаға олар туралы ештеңе білмей-ақ қалай қатыса алатынын айтамын.
Марсель қатты наразылық білдірді:
– Ақылды кәсіпкер ретінде мен ақшамның банкте болғанын қаламаймын. Бұл ешқандай пайыз әкелмейді. Кемпір күлді:
– Сен маған ұнайсың! Сен пайда табуға ниеттісің, өйткені сен мұны жасай аласың. Өйткені, біз назар аударатын нәрсе жақсы.
– Демек, біз дереу ақшамызды салуымыз керек пе? – деп сұрады ол.
– Жоқ! – Трумпф ханым қарсылық білдірді. – Ақшаны бірден салудың қажеті жоқ. Алдымен сен не істеу керектігін білуің керек, содан кейін инвестиция салуың керек. Біз инвестиция-лауға кіріспес бұрын да, мен саған ақша салудың бір тапқыр түрі туралы айтқым келеді. Сонымен қатар, мен саған осы мәселе бойынша құжаттар дайындағым келеді. Мәселе мынада, бір әдіс – балаларға ұнайтын барлық фирмаларда меншік үлесі бар.
– Мен «McDonald’s» және «Coca Cola» жақсы көремін, – дедім мен бірден.
– Ал маған «Lego» ұнайды, – деп айқайлады Моника.
– Бұл жағдайда мен сендерге осы және басқа да фирма-лардың тең иесі бола алатыныңды көрсетемін, – деп уәде берді Трумпф ханым жұмбақ түрде.
Бәріміз ертең кездескеніміз дұрыс деп келістік. Бірақ Трумпф ханым құжаттарды дайындау үшін бірнеше күн сұрады. Сондықтан «ақша сиқыршылары» бес күннен кейін жиналуға шешім қабылдады.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter