Әңгімелер ✍️
Ескі жертөледе - 10 тарау
Бізге біртіндеп батылдық оралды. Біз үйдің ішін тексеріп шығайық деп шештік. Моника алдымен полицияға қоңырау шалғысы келді, бірақ мұны кейінірек жасауға да болады. Қазір бізде шытырман оқиғаға деген құштарлық пайда болды. Біз аралап шығуды бастадық. Барлық бөлмелерден өттік. Бөлме-лердің бәрі де шашылып, ыбырсып жатыр, бөтендей басқа еште-ме таппадық.
– Сендер Бианканың үйге кірер кезде оның алыстан үргенін байқадыңдар ма? – деп сұрады Марсель. – Терең жертөле бар болу керек.
– Мүмкін нағыз зындан, – деді Моника өзі қорқыныштан дірілдеп.
Мен өзім де үрейленіп тұрғаныма қарамастан, күліп жібердім. Біз жертөлеге кіретін есікті табу үшін үйді тағы бір рет айналып өттік. Ақыры есікті таптық. Ол баспалдақтың астында екен және кәдімгі шкафтың есігіне ұқсайды. Есік жабық, бірақ құлыпталмаған. Біз ішіне көз жүгірттік. Төмен қарай тік баспал-дақ түседі екен. Біз шамның қосқышын іздеп едік, бірақ ештеңе таппадық.
– Бөлмеде мен майшам көргем, – деп есіме түсірдім. Марсель басын изеді. Біз шамды тез әкелдік. Моника оны
тұтатуын тұтатты, бірақ әрі қарай іздеуді жалғастыртпауға тырысты:
– Сендер шынымен ол жаққа түспекшісіңдер ме? Мен бармаймын!
– Жарайды, – деп шешті Марсель,– онда бізді Вилли мен Наполеонмен бірге осында күт. Ал Кира екеуміз майшам мен Маниді алып, жертөлені тексереміз.
Мен Мониканың қасында қалғым келсе де, төменде не табатынымыз қызықтырақ көрінді. Мен Марсельге мені мазақтайтын себеп бергім келмеді. Өйткені, ол мені енді ғана дұрыс мойын-дай бастаған. Біз тап-тап басып, абайлай жүрдік. Жертөле өте ескі еді. Шамның тербелмелі жарығындағы жалаңаш тас қабыр-ғалары жұмбақ болып көрінді.
Міне, біз төмендеміз. Бұл әр түрлі қирандыларға толы үлкен бөлме болып шықты, қабырғаларды жағалата консервілер мен маринадтар орналасқан сөрелер бар екен. Төбесі өте төмен екен. Марсель тіпті еңкейіп жүруге мәжбүр болды. Біз ақырын артымызға қарадық. Мен ерекше ештеңе байқамадым.
– Ештеңе жоқ, – деп сыбырладым мен.
Марсель сөрелердің артындағы қабырғадағы кішкентай есікті көрсетті. Жарайсың! Мен оны мүлдем байқамас едім. Біз сөрені шыны құтыларға құлап кетпес үшін ептеп сырғыттық. Есік құлыптаулы болып шықты. Марсельдің жүзінен реніш анық байқалды:
– Ештеңе істей алмайсың. Өкінішті. Мен бұл есіктің артын-да қандай құпиялар бар екенін білгім келеді.
– Мүмкін, қазына жасырылған шығар, – деп ойладым мен жолда.
– Иә, форте Кнокстегідей көп ақша бар, – деп күлді Марсель. Осы кезде Бианка менің аяғыма тұмсығын сүйкеді. Оның аузында бір нәрсе қараяды. Мен үңіліп қарасам, бұл кілт екен.
Бианка құйрығын бұлғап, кілтті еденге қойды.
– Сен үй иесінің кілтін жиі әкелетін шығарсың.
Марсель есікті кілтпен ақырын ашты. Біз оған шам жағып кірдік. Бұл бөлме біріншісіне қарағанда, әлдеқайда кіші болды және берік ағаштан жасалған және темірмен қапталған ескі сандықтан басқа ештеңе болған жоқ. Сандық құлыптаулы екен. Марсель оны тексеріп көрді.
– Мен оны бір секундта ашамын, – деп күлді ол. – Балалар-дың шаруасы бұл. Мен сандықты ашып қарауға құқығымыз бар– жоғын ойлап, аздап секем алдғам. Бірақ Марсель қалтасынан бәкісін шығарып, құлпыны шұқылай бастады.
– Сен ғой тоқаш тасып жүрсің, – деп күлдім мен. – Ал бірақ нағыз қылмыскердің өзі екенсің.
– Мен онда қылмыскердің ең нашары болмас едім, – деп күлді де, сандықтың қақпағын шалқайта көтеріп тастап, ысқы-рып жіберді: – ОҺо, баукеспелер мұнда не іздегенін енді түсін-дім.
Мен де сандыққа үңілдім. Онда таудай үйілген қағаздар, бес жүздік еуролардың қалың бумасы, ұқыпты жиналған алтын құймалар жатыр екен. Құймалар менің көзімнің жауын алды. Олардың шынымен алтын екеніне сенбедім. Марсель дұрыс айтады. Баукеспелер іздеген нәрсе осы сияқты.
– Біз не істеуіміз керек? – деп абыржи сұрадым. Бәрін осылай қалдыру керек пе? Ал кенет баукеспелер қатып оралса ше? Марсель қысқаша ойланып қалды:
– Иә, сен дұрыс айтасың! Міндетті түрде полиция шақы-рылуы керек, ол қазынаны күзетке алады. Бірақ алдымен біз сандықта не бар екенін нақты жазып алалйық. Сақтықтың зияны жоқ.
Біз кірісіп кеттік. Барлығы мұқият тексеріліп, жазылды. Дайын болған кезде біз тізімді тағы бір тәптіштедік: елу мың еуро бес жүздік купюралармен, жиырма бес алтын құйма, жетпіс сегіз алтын монета, жүз алпыс үш сертификат, хаттар мен шоттардың көшірмелері, он алты асыл тас салынған дорба, алтын шынжырша және жеті алтын сақина.
Марсель тізімді қалтасына тығып, оның тағы бір данасын мен үшін жасайтын болып, уәде берді. Біз бірауыздан осындай байлыққа ие болудан бас тартпас едік деп тұжырдық.
– Ал Трумпф ханым өте бай екен ғой, – деп таң қалдым. Бірақ бұл қазыналардың барлығын өз көзіңізбен көру – бұл басқа мәселе. – Неліктен ол мұның бәрін жертөледе сақтайды?
– Барлық бай адамдар осылай жасайды, – деп түсіндірді Марсель ұстаздың мығым үнімен. – Оның әлі де бір жерге салған өте көп ақшасы бар деп дауласуға дайынмын. Мұнда ол төтенше жағдай қорын сақтаған.
– Төтенше жағдай үшін мынау тым көп, – деп күмәндандым. – Дегенмен ермек қылып ойнауға жеткілікті. Скрудж
Макдакты есіңе түсірші. Оның сүйікті ермегі – ақшаға шомылу болған ғой.
Мен оқыған комикстер есіме түсті. Анамның ақша ұстаған сайын қолын жудыртатыны да есімде.
– Бәлкім, бай адамдар ақшаны лас деп санамайтын шығар, – деп ойладым мен даусымды шығарып.
– Менің ойымша да, – деп келісті Марсель, – Трумпф ханым сандығын анда-санда ашып қараған кезде рахаттанатын шығар. Мен, сөз жоқ, сондай сезімді бастан өткерер едім.
Мен кемпірдің жертөлеге түсіп, сандығын ашып, алтын құйма, шытырлаған ақшамен ойнап отырғанын елестетіп күлім-сіредім. «Мен алтын ақшалар мен құймаларды тазалап отыруды ұнататын шығармын», – деп ойладым мен.
Кенет Мани үрді. Бианка да оған қосылды. Екі ит те біздің артымызда тұрып, есікті иіскелеп, қаттырақ үре бастады. Марсель есікке жақындап:
– Моника! Бұл сен бе? Мұнда кел, біз қазір баукеспелер не іздегенін білеміз!
Мани мен Бианка үруді тоқтатып, Марсель мазасыздана бастады.
– Не болуы мүмкін? – деп сұрады ол. – Иттер Моникаға үрмес еді.
Бізді қорқыныш биледі. Жертөледе ер адамдардың дауыста-ры естілді. Манидің де жүні тікірейіп кетті.
– Сабыр, Мани, сабыр, – деп сыбырладым мен.
Бірақ ол тынышталмады, ырылдай берді. Дауыстар жақын-дап, күшейе түсті. Біз баратын жер қалған жоқ. Үлкен жертөле-де фонарь сәулесінің кезіп жүргенін көріп тұрмыз. Сонан соң сәуле тікелей менің көзіме бағытталды. Мен айқай салдым.
– Қарай гөр, бұл жерде кім отырғанын? – деді бір жуан дауыс.
– Сіздің шаруаңыз емес! – Марсель қыңырлана айқайлады. Көзге ұрған жарықтан біз ештеңе көре алмадық. Содан кейін бұрынғыдан да жуан әрі дөрекі екінші дауыс естілді. – Сендер бірдеңе таптыңдар ма? Бұл бізге көп уақытымызды үнемдейді! Енді фонарь сандыққа жарық түсірді. Еркектердің бірі таңдана дауыстап:
– Бернд, сен қарай гөр. Қыз дұрыс айтады. Мұнда тұтас байлық бар.
– Лас қолдарыңмен ештеңеге тимеңдер! Бұл сендердікі емес, бір қарт әйелге тиесілі! – мен ашумен тұншыға айғайладым.
– Сіз бірдемені шатастырып тұсыз, жас ханым. Біз жақсы адамдармыз, – деп күлді бірінші дауыс.
Шам жарығы екінші дауыс иесінің бетіне түсті, біз оның полиция қызметкері екенін көрдік.
Марсель, әдеттегідей, бірінші болып есін жиды. Мен күле беріппін. Мен қазір ғана қалай ширыққанымды түсіндім. Енді қауіп жоқ екенін көрген кезде бойым салдырап сала берді. Мен еденге отыра кеттім.
– Сіздің досыңыз әкесіне қоңырау шалыпты, бізді сол шақырды, – деді бірінші полиция қызметкері.
Сонымен бәрі түсінікті болды.
– Ал Моника қайда? – деп сұрады Марсель.
– Ол жоғарыда, әкесімен және басқа полиция қызмет-керлерімен бірге тұр. – Полицейлердің бірі үлкен жертөлеге шығып, баспалдақта тұрған әріптесіне айқайлады:
– Бәрі жақсы! Балалар осында, оларға ештеңе болған жоқ. Біз бәріміз жоғары көтерілдік. Дәлізде және қонақ бөлмеде
кем дегенде он полиция қызметкері тұр екен. Мониканың әкесі де осында тұр. Моника оны үрейлене құшақтап алыпты.
Ол бізді ұзақ күтіпті, содан кейін бізді ақырын дауыстап шақыра бастапты. Жауап болмаған соң, бірдемеге ұрыынған шығар деп ойлап, үйіне қоңырау шалады.
Мониканың әкесі бізге сұстана қарады:
– Соншалық жеңілтек болу жарамайды! Сендер бірден полиция шақыруларың керек еді.
Айтар сөз жоқ. Әрине, оныкі дұрыс. Мен Моникаға қарадым да, аяп кеттім. Ол, бәлкім, жалғыз қалған соң, қатты қорыққан шығар. Біз қазынаны қайта санаймыз деп, уақытты мүлдем ұмытып кетіппіз.
Есікті жөндеу үшін слесарь шақырылды. Сандық пен қазы-на полицияға жеткізілді. Бірақ полицейлерге әлі де көп нәрсені анықтау керек еді. Біз көптеген сұрақтарға жауап беруге мәжбүр болдық. Полицейлер бізбен ілтипатпен сөйлесті, тіпті мақтады. Олар біздің баукеспелерді қашуға мәжбүр еткенімізді айтты.
Марсель екеуіміз бір-бірімізге мақтанышпен қарадық. Полиция көлігі бізді үйге апарып салды. Біз келгенде анам уайымдап, терезенің жанында тұр екен. Біздің полиция көлігі-нен шығып жатқанымызды көріп, ол жаман ойлап қалыпты.
Алайда полицейлер бәрін тез түсіндірді. Содан кейін олар Марсель мен Наполеонды үйлеріне апарды. Анам әпкесіне, Марсельдің анасы мен Ханенкамп мырзаларға қоңырау шалды. Ол өзі құсап үйлерінің алдына полиция көлігі келгенде, қорқып қалмауын ойлады..
Мен ата-анама болған жағдай туралы егжей-тегжейлі айттым. Толқудан мен ұзақ ұйықтай алмадым. Тағы да бұдан былай бірден полиция шақырып, өзіміз ештеңе жасамауымыз керек екенін тыңдауға тура келді.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter