Эсселер ✍️

  17.02.2024
  527


Автор: Алғыс айту күні

Алғыс айту күнінде

1 наурыз алғыс айту күні келгенде көктемнің алғашқы күні есік ашып, жанымыз жадырай түседі. Осы күні адамдар бір-біріне деген өкпе реніштерін ұмытып, бір-біріне ыстық ықыластарын білдіреді.
Бір-бірімізге шын жүрекпен алғыс айту арқылы біз өмірге деген көзқарасымызды өзгертеміз. Өмірге басқаша көзқараспен қарап, өмірді сүюдің қандай екенін жүрекпен сезінеді. Расында да алғыс айту арқылы бір-бірімізге қолдау көрсетіп, бір-бірімізді бағалап, құметімізді көрсетеміз. Алғыс айту қарап отырсақ құрмет пен ізеттің белгісіндей. Алғыс айту арқылы айналамыздағы жандарға құрметімізді көрсетеміз.
Алдымен Жаратқанға мың алғыс деп, шүкір айтып, тәубе етеміз. Содан соң ата-анамыз бен жақындарымызға, бауырлар мен туыстарымызға алғыс айтамыз. Мұның өзі адамға зор қуаныш сыйлайды.
Алғыс айтам, айналамда жүрген жандарға, алғыс айтам таңды жалғар таңдарға. Жаратқанға мың алғыс, рахмет көп амандығын бергенің үшін, деп алғыстарын жеткізетін жандарға мың алғыс!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу