Эсселер ✍️
Алғыс айту адамдықтың белгісі
«Алғысым шексіз!» Алғыс айту – бұл ең бірінші адамдықтың, адамгершіліктің белгісі деп білемін. Адамдар бір-біріне деген құрметі мен ризашылығын осылай алғыс айту арқылы білдіріп отырады. Одан бөлек Жаратқанға алғыс айтып, еліміздің тыныштығы мен бейбіт күндеріміз үшін, сонымен қатар отбасының амандығын бергені үшін ризашылықпен алғыстарын білдіреді. Алғыс білдіру арқылы бір-біріне деген ықылас ниеттерін білдіріп, ақ көңілдерінің пәктігін көрседеді.
Алғысым шексіз — деген сөздің ішінде аламның көңіліне нұр сыйлайтын бір ерекше әсер бар. Бұл әсерді мүмкін біреулер сезбейтін шығар, бірақ алғыс айтуқанда көңілің жайнап сала береді. Менің көмегім тигеніне өте қуаныштымын деп төбең көкке жеткендей қуанасың. Іштей риза боласың.
Алғыс айту күні көктемнің алғашқы күнінде келеді, яғни 1 наурыз алғыс айту күні. Бұл күннің қандай ерекшеліктері бар десеңіз, көктем келеді, көктеммен бірге күн жылып, табиғат ұйқысынан оянып, қайтадан жандана бастайды. Адамдардың да бір-біріне деген ықылас, ниеттері артып, сыйластықтары жандана түседі. Қыстан аман шыққанына ризалықпен Жараиқанға алғыстарын білдіріп жатады.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter