12.02.2024
  92


Автор: Құтқарушылар күні

Құтқарушылар, сіздерге дән ризамыз!

Басына қауіп төнгеніне қарамастан осы мамандықты таңдап, адамға көмектесу үлкен қуаныш деп өздерінің қолынан келген көмегін аянбай, адамдарды түрлі апаттардан құтқарып қалатын маман иелеріне қалайша тәнті болмайсың?! Олардың жасап жатқан істері не қарап бойыңды мақтаныш кернейді екен. Қазақ елінен шыққан осындай құтқарушылары бар біз де бақыттымыз деп ойлаймын. Өйткені, Құтқарушылар расында да жүрек жұтқандар. Қандай жағдай болмасын сақадай сай болып, қоңырау түссе қыстың аязы мен жаздың аптап ыстығына қарамай жолға шығатын жандары жақсылыққа толы жандар. Олардың жасап жатқан істерін нағыз ерлік дер едім, солай емес пе?!
Құтқарушылар, біз сіздерге дән ризамыз. Сіздердің алдарыңызда бас июге бармыз. Рахмет, Алла разы болсын! Әрбір жасап жатқан істеріңіз оң болып, денсаулықтарыңыз мықты болып, жүз жасаңыздар! Алла сіздерге амандық берсін!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу