Шығармалар ✍️
Құтқарушылар өмірі
1995 жылы, 19 қазан күні Құтқапушылар күні болып бекітілген. Содан бері аталмыш күн Құтқарушылар күні болып аталып өтілуде.
Құтқарушылар өмірі қаіуп пен қатерге толы өмір дер едім. Олардың от демей, су демей адамдарды құтқаруға атсалысуы расында да елден ерлік болып табылады. Бұл мамандықты екінің бірі таңдай бермесі анық. Жүрек жұтқан жандар мен жүректері мейірімге толы жандар ғана бұл мамандықты таңдап, елі үшін басын қатерге тігері анық. Расыменде бұл мамандықтың қызметі оңай шаруа емес. Осыны біле тұра Құтқарушы мамандықты таңдап, еліне, жеріне қызмет етіп жүрген жандарды көргенде жаның жадырап сала береді. Солай емес пе?! Олар бір адамға көмек беру арқылы қаншама сауап жинап жатыр емес пе?! Осындай қатерлі істерде өздерінің өміріне қарамастан бір адамды құтқарып қалса төбелері көкке жетіп қуанатын Құтқарушы жандарға қарап отырып расында да тәнті боласың!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter