Шығармалар ✍️
«Ғалия» медрессесінің мерейтойы
Білім беру негізінде медреселердің үлкен қызмет атқарғаны барлығымызға мәлім. Қай ақын-жазушыны, білімді тұлғаларды көрсе, барлығы медреседен бастап, зейіндерін ашқан. Мысалы, Ахмет Байтұрсынұлы, Әлихан Бөкейхан сыңды ағартушыларымыз өз жазбаларында араб сөздерін қолданады. Яғни, медреселерден білім алған жандардың жазбалары мен сөздері ғасырлар бойы ел жадында қала бермек
Қазақтардың білім алу кезеңі де медреседен басталған. Ол араб тілінен аударғанда “оқу орны” деген мағынаны білдіреді. Ресей патшалығының отаршылдық әсерінен қазақ қоғамы білім саласынан артта қалған. Адамзаттың мұсылмандық дүниетанымын ашатын медреселер халықты тек білімге ғана емес, ұлттық құндылықтарымызға, салт-санамызға, наным-сенімімізге тікелей әсер етеді. Солардың бірі - 1906 жылы негізі қаланған «Ғалия» медресесі.
Ғалия медресесі 10 жыл ішінде 950 шәкіртті ұясынан ұшырған. Оның 154-і қазақ жастары. Бұл көрсеткіш xx ғасырдың басы үшін жаман емес. Адамдардың білімге құлшынысы енді- енді арта бастады.
“Ұлт жанашырлары, ағартушылар, қоғам қайраткерлерінің бәрі неліктен «Ғалия» медресесінен шықты?" - деп ойлауыңыз мүмкін. Бұл оқу орнының басты ерекшелігі, ондағы барлық білім алушыны ұлтшылдыққа, отансүйгіштікке үйретеді. Иә, қазіргі біздің қоғамға нағыз қажетті қасиет. Сол уақытта медреседе оқыған шәкірт пен бүгінгі күннің оқушысын салыстырайық. Қазіргі жастар отансүйгіштік түгілі өз ана тілдерін білмейді. Өз тілін дәріптемеген қазақ ұлтжанды бола алады ма? Ал медресенің білім алушылары қиын-қыстау кезеңді өз көздерімен көргеннен кейін өз жұртына жанашыр әрі құлшыныс басым. 20-ғасырда білім алмай-ақ қоюға да болар еді. Егін, малшаруашылығымен де күн көріп жатқандар аз емес болатын. Бірақ, саналары сергек адамдар оқудың маңызын түсінді. 21 ғасырда мектеп көп, білім құнсызданғанға ұқсайды. Оқушылардың көзінен құштарлық пен жалындаған отты көрмейсіз.
«Ғалия» медресесін тәмәмдаған түлектер, өз өлкелерінде жалпы саны 230-ға жететін мектеп ашты. Онда оқитын шәкірт саны 17.000-нан асады.
Қазақстанның Алматы, Қапал, Зайсан, Ақмола секілді қазағы көп мекендерде оқу орнын ашқан. Қазақ өлкесінде мектеп ашуда медресе түлектерінің үлесі зор.
«Ғалия» медресесінің 10 жылдық шығыны 17085 сомды құрайды. Ал білім үшін бұл қаражат аз еді. Сол үшін Уфа қаласының байлары 1000 сомнан 20.000 сомға дейін көмек көрсетті. Көңілдері ашық, сана-сезімі дамыған байлар қол ұшын созған уақытта, медресе жайқалып шыға келді. Мұндай жандарды қазір “меценат” деп атайды. Меценаттық қайырымдылық көмектен әлеуметтік және мәдени мақсаттарымен ерекшеленеді. Қайырымдылықтың мақсаты - қоғамдағы әлеуметтік әл-ауқатты қамтамасыз ету. Меценаттар қатарына кірмей, жеке де көмек көрсетушілер бар.
Қорыта айтқанда “Ғалия” медресесі қазақ қоғамы үшін үлкен бетбұрыс болды. Адами қасиеттерді көрсетіп, әр шәкіртінің болмысына жеткізе алды деп сеніммен айта аламыз.
Ерболат Дамир
ҚазҰУ-дың 1-курс студенті
Ғылыми жетекшісі:
фил.ғ.к.,Р.С.Жақсылықбаева
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter