Өлеңдер ✍️

  11.02.2024
  163


Автор: БАУБЕК БЕРДІЖАР

МҰҢНАН ТУҒАН ҮМІТ

 


 


Мен қайда келдім?!...


Ал қайда барамын?!


Уақытты түгендеп,


Несіне санадым?!


Жас бала көңілім


Арманға алданып,


Мұңдарға жуынған сезімтал жанарым.


Аялда, үмітім!


Тоқташы, жүрегім!


Сұрауы бар жолда


Кім сенер тірегім?!


Мен қалай бақ үшін арымды саудалап,


Имансыз күнәлі өмірді сүремін.


Алланы сүйсемде


Құлшылық қылмадым.


Күнәні істеп ап,


Артынан жыладым.


Ал сосын, тапжылмай елжіреп көңілім,


Дұға қып,


Дұға қып қол жайып тұрамын.


Шатастым ойымнан,


Шатастым бағыттан!


Өн бойым тетіркеп,


Тар жолдан жабыққан.


Сыр шертер досымда,


Бас иіп тірлікке,


Құны жоқ ғаламда,


Шындықтан жалыққан.


Күнәға малынбай,


Өмірге ертегі.


Бір үлкен нүктені


Қойғым-ақ келеді.


Бірақ та, о баста маңдайға жазылған,


Жарымды, қызымды қимаймын себебі.


Мен қайда келдім?!


Ал қайда барамын?!


Күнәсіз бақ тірлік,


Мен қайдан табамын?!


Қара нан жесем де,


Жаратқан құптаған,


Соңғы дем келгенше,


Иманмен қаламын.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу