Шығармалар ✍️
Нан туралы шығарма
16 қазан — Еліміздің мерекелік күндер тізбегіне «Нан күні» болып қабылданған. Қазақ елі нанның қадіріне жетіп, нанның қиқымын жерге түссе біртіндеп теріп торғайларға немесе иттің тамағына қосып отырған. «Ас атасы — нан» деген нақылға келер болсақ, расында да басқа тағамдардың дастарханда бар-жоғы біліне қоймас, ал дастарханда нан болмаса жанымыз тынышталмасы анық. Нан күнделікті қолданылатын ас. Нанға деген құрметіміз өте жоғары. Нанды қадірлейміз.
Нан қайдан шықты десек, бидайдан ұн болып, ұннан нанға айналатынын баршамыз жақсы білеміз. Әсіресе, нанның жаңа піскен кезі қандай десеңізші, дәмі тіл үйіреді. Кішкентайлардың өзі ыстық нан беріңізші деп жүгіріп жүреді. Адамға тіршілік көзі — су қалай керек болса нан да солай керек деп сеніммен айта аламын.
Қазан айының 6 шы жұлдызында келетін нан күні құтты болсын, Қазақ елі! Жүздеріңізден күлкі кетпесін! Дастарханда нан үзілмесін! Бай, қуатты болайық!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter