04.02.2024
53
Қазақ тілі пәні бойынша 11-сыныпқа арналған ІV тоқсандық бақылау жұмысы
Мақсаты: ІV тоқсанда өтілген тақырыптар бойынша оқушылардың білім-білік дағдыларын тексеру.
Лексикалық тапсырмалар:
- Берілген сұрақтарға жауап беріңіздер. «Болашақ» халықаралық стипендиясына қандай талапкерлер қатыса алады? Жастарды шетелге оқуға жіберудегі мемлекеттің мақсаты не? Шетелде оқу қалай жүзеге асады? Білім деңгейі не арқылы анықталады?
- Республикамыздағы ең ірі жоғары оқу орны қалай аталады?
- Сөздерді өз орнына қойып, сөйлем құраңыздар. Журналистика, әлем, қоғам, ерекше, айнасы ол. Керек, ақжарқын, табандылық, тілші, үшін, болу, мақсаттылық, әрі, білу, болу, тіл, табыса, керек.
- Ғылым, білім туралы 3-5 мақал-мәтел жазыңыздар.
- Досыңмен жоғары оқу орнын таңдау туралы диалог құрастырыңыздар.
Грамматикалық тапсырмалар:
- Төмендегі сөздер мен сөз тіркестерінен сөйлем құраңыздар.
- туған, Әбу Насыр әл-Фараби, қаласында, Отырар. 2. қалдырды, ол, жазып, іргелі, еңбектер. 3. шебер, әл-Фараби, музыкалық, аспаптарда, орындаушы, болды.
- Термин сөздер дегеніміз не? Мысал келтіріңіздер.
- «Ойлау», «Зерттеу» етістігін 4 райға қойып жіктеңіздер.
- Сөздерді орнына қойып, сөйлемді дұрыс құрастырыңыздар.
Әлемдік, әрқашанда, хабардар, ақпараттан. Көтеру, жүйесінің, қабілеттерін, білім, беру. Бағалайды, білім, университеттің, беру, жүйесін, жоғары. Сұраным, университет, мол, түлектеріне.
- Қысқарған сөздерді пайдаланып, сөйлем құрастырыңыздар.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter