Қазақ тілі пәні бойынша 10-сыныпқа арналған І тоқсандық диктант
Мақсаты: оқушылардың стандарттың талап-міндеттері бойнша білім-білік деңгейін қанша мөлшерде игергенін анықтау.
Отбасы – тәрбие бастауы.
Баланың жақсысы – қызық, жаманы - күйік. Осы бір қанатты сөзде қаншама мағына жатыр десеңізші! Себебі, бұл шынайы өмірден алынған. Әрбір ата-ана баласының өмірге деген көзқарасы дұрыс қалыптасқан тәрбиелі, заман талабына сай азамат болып өскенін қалайды. Ата-ана бала тәрбиесіне үлкен жауапкершілікпен қарайтыны сөзсіз. Ата-анадан өсіп ұрпақ таралған, жақсы, жаман бала болса солардан, - деп Жүсіп Баласағұн айтқандай, ата-ана өз баласының тәрбиесі үшін, ел, халық алдында жауапкер. Бала аяғын тәй – тәйлап басқаннан бастап- ақ, ата – анасымен, отбасындағы басқа жандармен қарым – қатынаста болып, тәрбие арқылы ересектердің бойындағы жақсы- жаман қасиеттерді үйренеді. Сондықтан отбасында күнделікті болып жатқан оқиғалар: ата-ананың бір-бірімен қарым-қатынасы, баламен сөйлесу, үй шаруасының атқарылуы, ересектердің еңбекке көзқарасы, уақытты өткізуі, қонақ қабылдауды- бәрі балаларға тікелей әсер етеді.
(Интернет желісінен)
( 109сөз)
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter