04.02.2024
  72


Автор: Қазақ тілі

Қазақ тілі пәні бойынша 8-сыныпқа арналған жылдық бақылау


 


Мақсаты: Оқушылардың сауаттылығын, грамматикадан тоқсанда алған білімдерін тексеру.


 


Алтын ұям - мектебім


 


               Қыркүйек айы жақын қалды. Мектептегі жөндеу жұмыстары аяқталып, оқушыларды таза сыныптар, сырланған есік, терезе, парта, тақта күтіп тұрғандай. Жаз бойы дем алып тыныққан оқушылар көтеріңкі көңілмен мектептеріне сағынышпен оралды. Мен өзімнің Павлодар қаласының № 34 мектебімді өте жақсы көремін. Ол төрт қабатты. Біздің мектеп өте биік, әдемі. Мектептің сыныптары кең, жарық, таза. Мектепте компьютер сыныптары бар. Мектепте өте білімді мұғалімдер сабақ береді. Мектептің үлкен спортзалы бар. Ол еш уақытта бос тұрмайды.


                   Біздің мектепте әр түрлі үйірмелер жұмыс істейді. Олар: экологиялық, қуыршақ, елтану, қолөнер, дене шынықтыру үйірмелері. 


 


(84 сөз) (Интернет желісінен)


 


ІІІ деңгей. 



  1. Мәтінді негізге ала отырып, 3 сұрақ құрастырыңыз.

  2. Берілген сөздермен сөйлем құрастырыңыз.


І – нұсқа. Мектеп, сынып


ІІ – нұсқа. Оқушы, мұғалім


3.Мәтіннен  есімдіктерді теріп, түрлерін ажыратыңыз.


 


ІІ деңгей.



  1. Берілген сөйлемге синтаксистік талдау жасаңыз.


І нұсқа. Біздің мектепте әр түрлі үйірмелер жұмыс істейді


ІІ нұсқа. Мен өзімнің Павлодар қаласының № 34 мектебімді өте жақсы көремін.
2. Мәтіндегі жай сөйлемдермен 1 құрмалас сөйлем құрастырыңдар.


 


І деңгей.



  1. «Менің демалыс күнім» деген тақырыпқа әңгіме жазыңдар


 




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу