Қазақ тілі пәні бойынша 7-сыныпқа арналған ІІІ тоқсандық бақылау жұмысы
Мақсаты: Оқушылардың ая бойынша, тоқсан бойы алған білімдерін, сауаттылығын, грамматикадан алған білімдерін тексеру.
Лексикалық тапсырмалар:
- «Ұлттық аспаптар» тақырыбына байланысты 5-сөз жазыңдар.
- Музыкаға қатысты кірме сөздерді жазыңдар.
- Берілген сөздердің аудармасын жазыңдар.
Критик, свирель, особенность, исполнять, наследие.
- І нұсқа: Ұлттық аспаптың түрінен үрмелі аспапты жазыңдар.
ІІ нұсқа: Жеті ішекті шертпелі музыка аспабын жазыңдар
5.«Қазақ сазгерлері» деген тақырыпқа әңгіме жазыңдар.
Грамматикалық тапсырмалар:
- Сұрақтарға жауап беріңдер
І нұсқа: Өздік етістің жұрнақтары қандай? Мысал келтіріңдер
ІІ нұсқа: буын үндестігіне бағынбайтын қосымшаларды жазыңдар. Мысал келтіріңдер.
- Қарамен жазылған сөзді сөз құрамына талдаңдар
І нұсқа: Қазақ әндерінің қай түрін алсақ та, өнегелі өсиет арқылы мейірбандыққа, татулық пен бірлікке, адамгершілікке, ақылдылыққа насихаттайды.
ІІ нұсқа: Қазақ әндерінің қай түрін алсақ та, өнегелі өсиет арқылы мейірбандыққа, татулық пен бірлікке, адамгершілікке, ақылдылыққа насихаттайды.
- Сөйлемдегі жалқы есімді септеңдер.
І нұсқа: Құрманғазы Сағырбаев-қазақтың күйші композиторы.
іІ нұсқа: Дина Нүрпейісова-домбырашы, күйші, композитор, Қазақстанның халық әртісі.
- Берілген сөйлемге синтаксистік талдау жасаңдар.
І нұсқа. Қазақстанда алғашқы музыкалық мектептер 1934 жылы Алматы қаласында ашылды.
ІІ нұсқа. Халық әндері адамды адамгершілікке тәрбиелейді.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter