Қазақ тілі пәні бойынша 6-сыныпқа арналған ІІІ тоқсандық бақылау
Мақсаты: Оқушылардың ІІІ тоқсанда алған білімдерін тексеру
I нұсқа
I.Лексикалық тапсырмалар.
- «Көлік» тақырыбына берілген сұрақтарға жауап беріңіздер:
А)Сен қандай көлік түрлерін білесің?
В)Темір жол көлігіне нелерді жатқызамыз?
С)Қоғамдық көлік түрлерін атап жазыңыздар .
Д)Суда жүретін көлік түрлерін атап жазыңыздар.
- «Мұғалім ол біздің» тақырыбына шағын әңгіме жазыңыздар
3.Алдар Көсеге аңыздың кейіпкері ретінде сипаттама жазығыздар.
- «Қазақ тілі кабинеті» тақырыбына байланысты 10 сөз тіркесті құрастырып жазыңыздар
5.Берілген мақал-мәтелдің мағынасын түсіндіріп жазыңыздар
1)Жер- алтын қазына
II.Грамматикалық тапсырмалар.
1.Етістік дегеніміз не?
2.Берілген етістіктер қай шақта тұрғандығын анықтаңыздар:
Келдім,айтады,күлді,оқып тұр,жазамын,көрдім,тыңдайды,қайталап отыр.
3.Берілген сөйлемдерден етістіктерді тауып,қай райда тұрғандығын анықтаңыздар.
Мен дәрігер болғым келеді.
Қазақ тілі сабағы қызықты өтті.
Айнұр,тақтаға шық!
4.Берілген сөздер ішінен мекен үстеулерді тауып,жазыңыздар
Өте,тез,жылдам,ақырын,төмен,жоғары,артында,сыртында,кеш.
5.Етістіктерді салт,сабақтыға ажыратып жазыңыздар
Сүтті іш,мұғалім айтты,хатты жаз,кітапты оқы,бала күлді
II нұсқа
I.Лексикалық тапсырмалар.
- «Туған жердің табиғаты» тақырыбына берілген сұрақтарға жауап беріңіздер:
А)Қазақстанның өзен,көлдерің білесің бе?
В)Қазақстанның табиғаты қандай?
С)Қазақстанның Швейцариясы не?
Д)Павлодар өңірінде қандай көрікті жер,көл атауларын білесің?
- «Менің сүйікті кейіпкерім» тақырыбына шағын әңгіме жаз
- Көлік түрлері туралы жазыңыздар.
- «Мектеп асханасы» тақырыбына байланысты 10 сөз тіркесті құрастырып жазыңыздар
5.Берілген мақал-мәтелдің мағынасын түсіндіріп жазыңыздар
1)Жер-қазына
II.Грамматикалық тапсырмалар.
1.Етістік дегеніміз не?
2.Берілген етістіктер қай шақта тұрғандығын анықтаңыздар:
Әкелдім,жазып отыр,жүр,күліп жүр,жаттады,қайталаймын.
3.Берілген сөйлемдерден етістіктерді тап, қай райда тұрғандығын анықтаңыздар.
Жанат балмұздақ жегісі келеді.
Мұғалім сабақты түсіндірді..
Қайрат ,кітаптарды жина.
4.Берілген сөздер ішінен мекен үстеулерді жазыңыздар
Өте,тез,жылдам,ақырын,төмен,жоғары,артында,сыртында,кеш.
5.Етістіктерді салт,сабақтыға бөліп жазыңыздар
Сүтті іш,мұғалім айтты,хатты жаз,кітапты оқы,бала күлді
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter