Қазақ тілі пәні бойынша 6-сыныпқа арналған І тоқсандық бақылау
Мақсаты:Оқушылардың І тоқсанда алған білімдерін тексеру
І нұсқа
Лексикалық тапсырмалар:
- «Отбасы» тақырыбына берілген сұрақтарға жауап беріңіздер:
А)Сенің отбасың қандай?
В)Отбасыңда неше адам бар?
С)Сенің отбасыңда қандай дәстүрлер бар?
Д)Сен қандай отбасы мүшелерінің атауларын білесің?
- «Азық-түлік дүкенінде» тақырыбына сатушы мен сатып алушының арасындағы диалогты жазыңыздар.(5-6 сөйлем)
3.Ана туралы мақал-мәтелдерді жазыңздар.(4)
- «Дос» тақырыбына байланысты берілген сөздермен 5 cөз тіркесті құрастырыңыздар.
Ізетті, әдепті, адал, мейірімді, жаман, момын, сабыр.
5.Берілген мақал-мәтелдің мағынасын түсіндіріп, жазыңыздар
1)Жаман достан-таяғым артық.
II Грамматикалық тапсырмалар
1.Берілген сөздерді қатыстық және сапалық сын есімдерге ажыратып жазыңыздар.
Сабырлы, момын, ашулы, ақылды, ашық, қатты, күшті, жақсы, жаман,қалалық, ізетті, әдемі.
2.Нағашы- тәуелдеңіздер.
3.Ақша – септеңіздер.
4.Берілген сөздер ішінен мекен үстеулерді теріп жазыңыздар
Өте,тез,жылдам,ақырын,төмен,жоғары,артында,сыртында,кеш.
5.Буын үндестігіне бағынбайтын сөздерді жазыңыздар.
II нұсқа
I.Лексикалық тапсырмалар:
- «Менің достарым» тақырыбына берілген сұрақтарға жауап беріңіздер:
А)Сенің досың бар ма?
В)Сенің досың неше жаста ?
С)Досыңның мінезі қандай?
Д)Сенің ойынша дос қандай болу керек?
- «Аяқ киім дүкенінде» тақырыбына сатушы мен сатып алушының арасындағы диалогты жазыңыздар.(5-6 сөйлем)
3.Ана туралы мақал-мәтелдерді жазыңыздар.(4)
- «Қазақстан валютасы» тақырыбына байланысты берілген сөздермен 5 cөз тіркесті құрастырыңыздар.
Теңге, сауда, сатушы, дүкен, нарық, валюта, сауда орталықтар.
5.Берілген мақал-мәтелдің мағынасын түсіндіріп жазыңыздар
1)Ана- ардақты ат.
II.Грамматикалық тапсырмалар.
- Қатыстық және сапалық сын есімдерге мысал келтіріп жазыңыздар.
2.Туыс- тәуелдеңіздер.
3.Дүкен – септеңіздер.
4.Берілген мекен үстеулерді пайдаланып, 3 cөйлем құрастырып жазыңыздар.
төмен, жоғары, артында, сыртында
5.Буын үндестігіне бағынбайтын сөздерді жазыңыздар
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter