02.02.2024
  64


Автор: Есепшілер күні (Бухгалтер)

Бухгалтерлер күні

6 қазан күні елімізде Бухгалтерлер күні аталып өтіледі. Бухгалтерлердің жүргізіп отырған қызметтері көзге оңай көрінгенмен оның өзіндік біз білмейтін қиындықтары бар екені сөзсіз. Өйткені олар белгілі маман иелеріне берілетін айлықтар мен сыйақыларын есептеп, уақытында беріп отырулары тиіс. Бухгалтер мамандығы – Қазақстанда ғана емес, сонымен қатар бүкіл әлемдегі ең жоғары құзыретті, құрметті әрі талап етілген мамандықтарының бірі. Қай мекемеге барсақ та өздерінің Бухгалтериясы болады. Сол Бухгалтериясында қызмет ететін мекеме мамандарына айлықтарын табыстап отырады. Бухгалтерияда отыратын мамандар Бухгалтерлер болып табылады. Егер олар өз жұмыстарына салғырт қараса, есеп-қисап дұрыс болмаса мекемеде үлкен дау болуы мүмкін. Сондықтан әр Бухгалтер білікті, өз жұмысына аса ұқыптылықпен қараулары тиіс деп білемін.
6 қазан күні келетін Бухгалтерлер үшін атаулы, мерекелік күнмен барша Бухгалтерлерді шын жүректен құттықтаймын! Еңбектеріңіз жана берсін!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу