25.01.2024
69

Сұрақ: Қарызға берілген ақшаны зекет ретінде есептеп беруге бола ма?
Жауап: Ханафи мәзһабы ғұламаларының тұжырымда- масында, қарызға берілген ақшаны уақыт өте келе зекет ретінде есептеу парызды мойыннан түсірмейді. Өйткені, зекет малы сол мезетте берген адамның меншігінде болуы және зекет ниетімен берілуі шарт. Мұны кейбір Ханафи ғалымдары: «Қарыз – зат емес, ол қарыз берген кісінің ақысы. Ақылар зекет ретінде берілмейді», – деп түсіндірген. Зекетті мұқтажға беретін кезде «зекет ниетімен» табыстау керек. Ал, қарыз зекет ретінде берілмейді.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇