25.01.2024
  66


Автор: Сұрақ-жауап




Сұрақ: Зекет кімдерге берілуі тиіс?


Жауап: Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Маған зекет бер», – деген адамға былай дейді: «Ұлы Алла зекеттің берілетін орындары жайында пайғамбарының да, басқаның да үкіміне разы болмай, Өзі белгіледі. Оны сегіз топқа бөлді. Егер сол сегіз топтың ішінде болсаң, саған есеңді беремін» (Әбу Дәуід). Иә, зекеттің берілетін орындарын Алла Тағала «Тәубе» сүресінің 60-аятында баяндап өткен.


Осы тұста ескерте кететін жайт, ел мұсылмандары Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қарасты «Зекет және Қайырымдылық» қорына немесе банк қосымшалары арқылы өз мешіттерінің есеп шоттарына «зекет» батырмасын таңдау арқылы аудара алады. Мешіттер арқылы зекет қаражаттары Құранда көрсетілген 8 топтың біріне яғни, мұқтаж отбасыларға үлестіріледі.







Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу