21.01.2024
  39


Автор: Сұрақ-жауап




Сұрақ: Ораза Айт мерекесі күні сәресіге тұрып, ауыз бекіту қажет пе?


Жауап: Мұсылмандар арасында Ораза айт намазына бару кезінде әдеттегідей сәресі ішіп, ауызды бекітіп бару керек деген түсінік кең тараған. Алайда айт күні рамазандағыдай сәресі ішудің қажеті жоқ. Керісінше, айт намазына шығарда тақ етіп бір, үш, бес, жеті құрма жеп шығу Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) сүннеті болып табылады.







Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу