21.01.2024
  45


Автор: Сұрақ-жауап




Сұрақ: Айт мейрамы жайлы айтсаңыз.


Жауап: Айт – мұсылмандардың ұлы мейрамы. Ислам ді- нінде екі мереке бар. Ол Ораза айт және Құрбан айт мере- кесі. Шариғат бойынша отыз күн ораза біткеннен кейін шәууал айының бірінші күні ораза айт болып есептеледі. Ескере кететін жайт, ораза айт – бір күн. Алайда халық арасында қалыптасқан әдет бойынша үш күнге дейін дас- тарқан жайылып, айттаумен жалғасын табады. Айт намазы- на дейін әлеуметтік жағдайлары төмен отбасыларының да мереке күндері дастарқан жайып халықпен бірге қуа- нулары үшін пітір садақалары таратылады. Араздасқандар татуласады. Ал Құрбан айт 4 күнге жалғасады. Айт намазы оқылған соң Алланың разылығы үшін ұлық құлшылық бол- ған құрбан шалу рәсімі жасалады. Мерекелік дастарқан- дар жайылып, халық құрбандық еттерінен дәм татады.







Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу