21.01.2024
45
Сұрақ: Қадір түні дұғасы қабыл болмайтын адамдар бола ма?
Жауап: Бір риуаятта Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Қадір түнінің жақсылығына құлшылық еткен барлық адам бөленеді. Бірақ мына төрт түрлі адам қадір түнінің жақсылығынан құр қалады», – дейді. Олар: Ата-анасына қарсы келіп, ренжіткен адам, туған- туыстарымен байланысын үзген адам, арақ ішіп, маскүнем болған адам және ызақор, кек сақтап, араз болған адам. Қадір түнінің жақсылығынан мақұрым қалмас үшін осы істерден аулақ болып, адамдармен қарым-қатынасымызды түзеткен дұрыс. Ренжіткен адамдардан кешірім сұрап, татуласуға тырысқан жөн.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter