21.01.2024
49
Сұрақ: Ораза ұстау үшін әйел күйеуінен рұқсат сұрауы керек пе?
Жауап: Рамазан оразасын ұстау үшін рұқсат сұрауы қажет емес. Өйткені, Рамазан оразасы – Алланың әмірі, парыз. Алайда күйеуінің рұқсатынсыз нәпіл ораза ұстауы – мәкрүһ. Алла Елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) былай дейді: «Күйеуі жанында бола тұрып, рұқсатынсыз ораза ұстаған әйелдің оразасы дұрыс емес» (Бұхари). Мұндай жағдайда әйелінің нәпіл оразасын бұздыруға күйеуі құқылы. Кейін күйеуі рұқсат еткенде немесе күйеуі жоқ кезде бұзған оразасының қазасын өтейді.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter