21.01.2024
48
Сұрақ: Денсаулыққа тигізетін пайдасын ойлап, «бір ай ауыз бекітсем іш құрылысым тазарып, жақсы болады» деген оймен ауыз бекітуге бола ма?
Жауап: Мұндай ниетпен ораза тұтқан адамның оразасы дұрыс емес. Ауыз бекітудегі басты мақсат Алланың разылығы. Әйтпесе, сауаптан құр қалады. Ауыз бекіту адамның іш құрылысына белгілі бір деңгейде пайдасын тигізетіні сөзсіз. Алайда арықтау, денсаулығын жақсарту үшін ораза ұстау құлшылық емес. Бұл адамның өзінің жеке пайдасы. Ниеті Алла разылығы үшін болса, сол ықыласына сай Алла Тағала оның дертіне шипа береді.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter