21.01.2024
  57


Автор: Сұрақ-жауап




Сұрақ: Ғайбат айту, өсек тасу немесе біреуге тіл тигізу оразаны бұза ма?


Жауап: Шариғатта біреудің сыртынан жамандап ғайбат айту, сөз тасу – үлкен күнә. Алайда оразаны бұзбайды. Хадисте: «Кімде-кім ораза ұстағанымен жаман әдеттерден тыйылмаса, оның оразасы бекер», – десе, басқа бір риуаятта: «Ораза – тозақтың қалқаны. Ғайбат айту арқылы бұзбайынша ораза оны қорғайды», – деген сияқты хадистердің мағынасын ғалымдар бір ауыздан ораза бұзады деп айтпаған. Алайда оразаның сауабын кемітеді деп түсіндірген. Демек оразаның негізгі хикметі тек ішіп- жеуден ғана тыйылу емес. Сонымен қатар ғайбат, өсек, өтірік айту сияқты түрлі күнәлардан да тыйылу міндетті екендігін естен шығармаған жөн.







Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу