21.01.2024
  43


Автор: Сұрақ-жауап




Сұрақ: Оразаны әдейі бұзған жағдайда каффарат қалай өтеледі?


Жауап: Каффарат рамазан айындағы оразаны еш себепсіз, әдейі бұзған адамға бекітілген. Басқа айдағы оразасын бұзғанға каффарат қажет етілмейді. Демек, рамазан оразасын әдейі бұзған жағдайда жаза ретінде 60 күн арасын үзбей ораза ұстау міндет. Бұған қоса, әдейі бұзған күннің қазасын да өтейді. Егер ораза ұстауға денсаулығы жарамаса, 60 кедейдің қарнын тойдыру арқылы каффарат өтейді. Рамазан оразасы – парыз амал. Ал басталған парыз амалды бұзу – үлкен күнә. Сондықтан мұндай күнәдан барынша сақтану керек. Рамазан оразасынан басқа оразаны бұзса, күніне күн тұтып қазасын өтейді.







Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу