
Сұрақ: Қандай жағдайда оразаның қазасы ғана өтелуі тиіс?
Жауап: Төмендегі жағдайларда оразаның тек қазасын өтеу міндеттеледі. Олар:
1. Ораза екенін білетін адам дәрет алып жатқанда немесе басқа себептермен тамағынан байқаусызда судың кіріп кетуі;
2. Ұйқыдағы адамға су ішкізу;
3. Ауыр жұмыста жүріп науқастанып қалу жағдайында немесе сенімді мұсылман дәрігердің сөзіне сүйеніп яки өз басынан өткізген тәжірбиесіне сүйене отырып, «денсаулығыма зиян тиеді» деп оразасын бұзу;
4. Ұмытып бір нәрсе ішіп-жеген кезде «оразам бұзылды» деген оймен ішіп-жеуді жалғастыру;
5. Түнде ниет ете алмай күндіз ниеттенген адамның бұған көңілі толмай ішіп-жеуі;
6. Түнде оразаға ниет етіп, бірақ таңертең сапарға шығып, жолда оразасын бұзатын болса;
7. Түнде ораза ұстауға ниет еткен жолаушының тұрғын болуға ниеттенгеннен кейін ас жеуі.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇