21.01.2024
52
Сұрақ: Рамазан оразасына ниет етудің үкімі мен уақыты бар ма?
Жауап: Оразаның кез келген түрі үшін ниет ету шарт. Құранда «Бәйинә» сүресінің 5-аятында: «Оларға да хақ дінді шын көңілден толық қабылдап, «таухид» сенімімен бір Аллаға риясыз құлшылық ету, намазды кемеліне келтіріп, ақсатпай уақытылы оқу және зекеттерін толық өтеу бұйырылған еді», – делінген. Рамазан оразасына ниет ету ақшам намазынан басталып, ораза ұстайтын күннің таң уақыты кіргенге дейін жалғасады. Ал сәресі уақытында ниет етпей ұйықтап қалған жағдайда, таңертең еш нәрсе ішіп-жемеген болса, түске дейін ниет етуіне болады. Десе де, ең дұрысы түнде және сәресі уақытында ниет ету.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter