21.01.2024
50

Сұрақ: Қолдың да, аяқтың да оразасы бар деп жатады. Мұны қалай түсіну керек?
Жауап: Имам Ғазали Ихия улум әд-Дин кітабында (1/234- б.): «Оразаның үш деңгейі бар. Мұны біл», – деп жазады. Ғұлама сөзін жалғастырып: «Көпшіліктің оразасы (умум), ерекше ораза (хусус) және арнайы ораза (хусус әл-хусус). Көпшіліктің оразасы – асқазан мен құмарлықтан тыйылу. Ерекше ораза – құлақ пен көзді, тіл мен қол-аяқты және басқа да дене мүшелерін күнә атаулыдан тыю. Ал, арнайы ораза – жүрек оразасы. Бұл – жаман ой мен дүниелік пікірден тұтастай арылып, Алладан басқа барлық ойдан толығымен тыйылу», – дейді.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇