21.01.2024
63
![](/uploads/shorttexts/author_image/2023-04-01-15-47-46.png)
Сұрақ: Рамазан оразасының парыздығына дәлел бар ма?
Жауап: Рамазан оразасы – Исламдағы бес парыздың бірі. «Бақара» сүресінің 183-аятында Алла Тағала: «Уа, иман келтіргендер! Ораза бұрынғыларға парыз етілгендей, сендерге де парыз етілді», – деп бұйырады. Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өз хадисінде: «Ислам бес негізге құрылған: Алладан басқа құдай жоқ екеніне, Мұхаммед Алланың құлы әрі Елшісі екеніне куәлік ету, намаз оқу, зекет беру, рамазан оразасын ұстау және шамасы жетсе қажылыққа бару», – деген (Бұхари).
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇