Өлеңдер ✍️

  19.01.2024
  924


Автор: Жібек Ысқақова

ОТБАСЫ ТУРАЛЫ ШУМАҚТАР

Отбасының күні бұл,
Қуанышқа бастайтын.
Мерекеде бір болып,
Шаттықтарын қоштайтын.
* * *
Отбасының барында,
Атар сәтті таңың да.
Қуаныштар көп болар,
Гүл жайнаған бағыңда.
* * *
Отбасы ол байлығым,
Жарқырайтын ай, күнім.
Отбасының барында,
Бұзылмайды жайлығым.
* * *
Отбасымның қасында,
Бақытым көп басымда.
Олар менің гүл бағым,
Хош иісті, расында.
* * *
Отбасы ол бағымыз,
Бірге біздің жанымыз.
Отбасы аман тұрғанда,
Жарасады сәніміз.
 * * *
Құтты болсын бүгінгі,
Отбасының күні бұл.
Сыйластықта, шаттықта,
Шыға берсін үні бұл.
* * *
Құттықтаймын сіздерді,
Отбасының күнімен.
Бар жақсыны тілеймін,
Қуанышты үніммен.
* * *
Аман болсын отбасы,
Бірге болса гүлденер.
Сыйлап әркез бір-бірін,
Шын жүректен гүл берер.
* * *
Бірге болсын отбасы,
Жаздай жайнап жандары.
Сыйластықта үн қатсын,
Атып сәтті таңдары.
* * *
Құтты болсын сіздерге,
Отбасының бұл күні.
Сыйластықта шынайы,
Жарқырасын жұлдызы.
* * *
Отбасыммен жанданам,
Гүл көктемдей құлпырып.
Әуелетіп ән салам,
Шын жүректен үн қылып.
 * * *
Отбасым ол жанұям,
Ыстық менің мекенім.
Алыс кетсем өзіңнен,
Сағына мен жетемін.
* * *
Жақсы көрем сіздерді,
Отбасым ол жұмағым.
Сіздер үшін қашанда,
Арналады жыр, әнім.
* * *
Жақсы көрем атамды,
Жақсы көрем әжемді.
Ата-анам бақытым,
Тербететін әлемді.
* * *
Ата-әжем, әке-анам,
Отбасымның жұлдызы.
Бауырларым гүл бағым,
Жарқыраған құндызы.
* * *
Аман болшы отбасым,
Өмірімнің мәнісің.
Батар күнім күлімдеп,
Атар сәтті таңысың.
* * *
Отбасым ән-жырымсың,
Жүрегімнің үнісің.
Жұпар шашып баурайтын,
Хош иісті гүлісің.
 * * *
Отбасым саған тілеймін,
Бар жақсыны өмірде.
Сен деп өмір сүремін,
Дақ түспесін көңілге.
***
Отбасым сен жанымсың,
Шырқап айтар әнімсің.
Отбасым сен шуақты,
Арайлы атар таңымсың.
* * *
Көңіліміз жай біздің,
Отбасым сен барыңда.
Жүрек соғар өзің деп,
Шуақты атып таңым да.
* * *
Бір өзіңсің жанұям,
Өмірімнің гүл бағы.
Бір өзің деп шырқалар,
Әуелетіп жыр әні.
* * *
Сен деп соғар жүрегім,
Сені жақсы көремін.
Жан жүрегім отбасым,
Аман болшы, тілерім.
***
Жанұям ол бақытым,
Бар жақсыны беретін.
Әрқашанда алаң боп,
Мені жақсы көретін.
 * * *
Бір өзіңде көңілім,
Отбасым сен тірегім.
Сенен алыс жүрсем де,
Сен деп соғар жүрегім.
* * *
Отбасым сен Ай, Күнім,
Баға жетпес байлығым.
Аман болшы тек қана,
Толқынданып айдының.
* * *
Саған ғана тілеймін,
Өмірдің бар жақсысын.
Аялаған отбасым,
Берер маған тәттісін.
* * *
Аман болшы отбасым,
Қуантатын әрқашан.
Өсе берші, өрлей бер,
Тәнті болып барша адам.
* * *
Отбасым сен айнымас,
Жүрегімсің, тірегім.
Шын жүректен өзіңе,
Бар жақсыны тіледім.
* * *
Жан жүрегім отбасым,
Алға қадам баса түс.
Абыройың асқақтап,
Асулардан аса түс.
 * * *
Мейірімді жанұям,
Сенсің менің гүл бағым.
Бір өзіңе арналар,
Таусылмайды жырларым.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Комментарии

Інжу
Інжу 29.09.2024 18:24
Керемет ?

Пікір жазу