Өлеңдер ✍️

  19.01.2024
  146


Автор: Жібек Ысқақова

СЫРТҚЫ БЕТ-БЕЙНЕ, ІШКІ ӘЛЕМ

Сыртың жылтыр көрінгенмен айнадан,
Дұрыс болар ішкі әлемді ойлаған...
***
Бет бейнесі сұлу деп,
Қызықпағын сыртына.
Сұлулықтан не пайда?
Мұң сыйласа жұртына.
***
Сырты күліп тұрғанмен
Ішінде мұң көп болар.
Жүзі жайнап тұрғанмен,
Іші жанған от болар...
***
Айнаға қарап бой түзе,
Келбетің кірсін жандана.
Кітапқа қарап ой түзе,
Қалсын ел-жұрт таңдана...
 * * *
Сыртқы бейнең нұрлансын,
Сыйластықпен үн қатып.
Жан дүниең сырлансын,
Жақсылыққа құмартып.
***
Өз-өзіңді төмен қып,
Сырт бейнеңе қарама.
Жан дүниеңді сұлу қып,
Гүлзар бақты арала!
* * *
Ұсқынсыз деп сырт бейнем,
Үзілмесін күдерің.
Жақсылыққа бастайтын,
Сұлу болсын жүрегің!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу