Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
19.01.2024
134
МУЗАҒА
(М. Мақатаев өлеңінің желісімен)
Отырғанын қарашы күйім келмей,
Жүрегіме жайсыз ой тыным бермей.
О Муза!
Қайда кеттің бірден жоқ боп,
Бір мезетте жоқ болған құйын желдей…
Жел үреді желпініп, көрік-кеудем,
Қара бұлттар төбеме келіп төнген.
О Муза!
Қайда кеттің жалғыз тастап,
Алмайсың ба, орныңды келіп төрден…
Дәптер жатыр парағы аударылмай, Еріншектік
жайылып жан жағыма-ай. Мазаны алып басады сан
мың ойлар, Тормен торлап қойғандай бар жағымаай.
О, Муза!
Сен әуреңе салғының-ай!
Күтемін сенен үміт, сенен жігер,
Үзбеймін ешқашанда сенен күдер.
О, Муза!
Жалқаулықты алып тастап,
Биіктікке өрлеуге демеп жібер…!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter