Өлеңдер ✍️

  19.01.2024
  160


Автор: Жібек Ысқақова

ТӘУЕЛСІЗДІК ЖАСАСЫН!

Тәй-тәйлаған қазақпыз,
Жаңа Астана салынып.
Еңсемізді көтердік,
Бодандықтан арылып.
Елміз жүрген жандана,
Сыйлы ортадан табылып.
Шықтық өрлеп биікке,
Көк туымыз желбіреп!
Шекараны айқындап,
Алған елміз белгілеп.
Үн қатамыз сыйласа,
Жүрегіміз елжіреп.
Бүгінде әлем таниды,
Қазақ елін жер жерден.
Елтаңбамыз тұр әне,
Әнұранмен тербелген.
Бізге Алладан сый болған,
Тәуелсіздік — жанымыз.
Азаттықты ту еткен,
Тәуелсіздік — бағымыз!
Күйдіретін қазақтың,
Жүрегінде жалын бар.
Желбіретіп байрақты,
Кезіміз бұл жалындар.
Тәуелсіздік жасасын,
Биік болып тұғырың!
Азаттығым, бақытым,
Ұзақ болсын ғұмырың!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу