Өлеңдер ✍️

  19.01.2024
  260


Автор: Жібек Ысқақова

СҮЙЕМ СЕНІ ӨМІРІМ!

Арайлы атар таңыммен,
Қолымдағы барыммен.
Сүйем сені, өмірім!
Намысым мен арыммен!
Көктемім бар, жазыммен,
Көлдегі аққу, қазыммен.
Сүйем сені, өмірім!
Қуанышым, назыммен!
Күзі менен қысы бар,
Қиын қыстау тұсы бар.
Сүйем сені, өмірім!
Ниетім жоқ қысылар!
Күлімдейді күндерім,
Күнді жалғап түндерім.
Сүйем сені, өмірім!
Мұңаюды білмедім!
Енсең де сен жауын боп,
Жүргізбейтін дауыл боп.
Сүйем сені, өмірім!
Жанашырың, бауыр боп!
Сынақ берсең сынбаймын,
Бір орында тұрмаймын!
— Сүйем сені, өмір!, деп,
Мен өзіңді жырлаймын!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу