Өлеңдер ✍️

  19.01.2024
  156


Автор: Жібек Ысқақова

БАҚЫТЫҢДЫ ЖЫРЛАЙМЫН

Жүрегімді тыңдаймын,
Сені өзгеге қимаймын.
Жүректесің жаным сен,
Сені ойлауды тыймаймын.
Ұмытпаймын, жанымсың,
Жарқыраған лағылсын!
Көтеріліп көңілің,
Жансын деймін бағың шын!
Қайран болып сөзіңе,
Қарай берем көзіңе.
Қимай сені жарығым,
Бақ тіледім өзіңе...
Сандық толы сырдаймын.
Сәуле шашар нұрдаймын.
Жүрегімді қолыма ап,
Бақытыңды жырлаймын,
Екі тарау жол салып,
Махаббатқа қол салып.
Бізді айырды бұл тағдыр,
Бірге жүрер жолды алып.
Бірге айтар ән қайда?
Қоса алмай ма, Күнді Айға!
Жаратқаным, өзіңе,
Бақ тілесем тыңдай ма?
Бірге өткізген күніміз,
Жұлдызды аспан түніміз.
Саған бақыт сыйласын,
Әніміз бен жырымыз!


Бақытыңды жырлаймын,
Күлімдеші, күл Айым!
Күндей болып жарқыра,
Сәуле шашып түнде Айың!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу