Өлеңдер ✍️

  19.01.2024
  366


Автор: Жібек Ысқақова

ЕКІ ЖҮЗДІ АДАМДАР

Көбейюде екі жүзді адамдар,
Көз алдыңда маржан сөзін теретін.
Көзің тайса өзгелерге қосылып,
Өсек айтып, өсек сөзге еретін.
Көбеюде екі жүзді адамдар,
Ісі түссе табылатын қасыңнан.
Таба алмайсың ол адамды, жоқ болар,
Сынды сәтте бұлт үйрілсе басыңнан.
Көбеюде екі жүзді адамдар,
Екі сөйлеп жағымпаздық қылатын.
Бір адамның сөзін айтып басқаға,
Ұрыстырып, өзі мәз боп тұратын.
Көбеюде екі жүзді адамдар,
Жеңіл болып жүрісі мен тұрысы.
Қаңбақ шалдай ұшып қонып жүреді,
Пайда бермей күлісі мен бір ісі...
Екі жүзді адамдар бар, қалатын,
Дос қадірін біле алмай қор болып.
Ал шынайы, шыншыл адам қалады,
Қасыңызда әрқашанда бар болып!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу