Өлеңдер ✍️

  19.01.2024
  252


Автор: Жібек Ысқақова

МЕНІ ҰНАТЫП, ҒАШЫҚ БОП ҚАЛДЫҢЫЗ БА?!


Мені ұнатып, ғашық боп қалдыңыз ба?
Ғашықтықтан бір хабар алдыңыз ба?
Махаббаттың сезініп ғажайыбын,
Әуелетіп сіз әнге салдыңыз ба?!
Айтыңызшы, ғашықтық қандай өзі?
Жанды тербер шуақты таңдай ма өзі?
Махаббаттан бақытты күйге еніп,
Пәк сезімді мәңгілік жалғай ма өзі?!
Білесіз бе, ғашықтық күйі қандай?
Ғашығына беретін сыйы қандай?
Соғады ма жүрегі дүрсіл қағып,
Ғашықтықтан жай-күйін ұғына алмай?!
Үн қатама мені ойлап жүрегіңіз?
Ғайып болып кеткендей күдеріңіз.
Күй берді ма ғашықтық бір ерекше,
Іштей көп боп жымиып, күлеріңіз?!
Бар ма өзі махаббат — дәл осындай?
Төлеген мен Қыз Жібек жалғасындай!
Қандай жағдай болмасын бірін-бірі,
Жүреді ма әрқашан қолдасып-ай?!
Айтыңызшы, ұнатып қалдыңыз ба?
Ғашықтардың еліне бардыңыз ба?!
Қозы менен Баянның махаббаттын,
Жүрекпенен сезіне алдыңыз ба?!
Шыныменде махаббат бар ма өзі?
Жүрегінен шығатын бар ма сөзі?!
Алдамшы ма бұл әлде, жалғандық па?
Сұлуларды, айнитын, көрсе көзі...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу