Өлеңдер ✍️
СЫЙЛАСТЫҚТА ЖАСАЙ БЕРШІ ЖАҚСЫ АДАМ
Жақсы адам — жақсы сөзді тереді,
Жақсы ойлап, жақсылыққа сенеді.
Жақсы достар бірін-бірі қолдап тек,
Бар жақсысын қолындағы береді...
Сыйластықта жасай берші жақсы адам,
Сыйластық қой біздерге ең керегі....
Жақсы адам — көңілге күй сыйлайды,
Жақындарын жамандыққа қимайды.
Күндей болып шуақ шашып, нұрлана,
Жақсы жанға бар жақсысын жинайды.
Сыйластықта жасай берші жақсы адам,
Жақсы адам жақсылығын тыймайды.
Жақсы адам— жарқырайды күн сайын,
Жақсылық қып өмір сүрер жоқ уайым.
Адамдарға көмек беріп, қол созып,
Күндей күліп, жарқыратар түнде айын.
Сыйластықта жасай берші жақсы адам,
Жақсылық боп себелейтін нұрдайын!
Жақсы адам — санамайды бергенін,
Жақсылығын жіпке тізіп, тергенін.
Жомарттығын жариялап жатпайды,
Мұқтаждарға берері мен бермегін.
Жақсыларым, игі жандар әрдайым,
Игі істерде жақсылық қып, ерлегін!
Сыйластықта жасай берші жақсы адам,
Жақсылық қой, жанашыр боп келгенің!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter