Өлеңдер ✍️

  19.01.2024
  72


Автор: Жібек Ысқақова

СЕЗЕМІСІҢ СЕН ОНЫ, НЕГЕ ІЗДЕДІМ?!

Арайлы атар таңдардан сені іздедім,
Жемісі көп баулардан сені іздедім.
Сені іздедім көңілім байыз таппай,
Сеземісің сен оны, неге іздедім?!
Асқаралы таулардан сені іздедім,
Есік алды, ауладан сені іздедім.
Сені іздедім тыншымай ет жүрегім,
Сеземісің сен оны, неге іздедім?!
Қазақтың даласынан сені іздедім,
Қазақтың баласынан сені іздедім.
Сені іздедім жүрегім дүрсіл қағып,
Сеземісің сен оны, неге іздедім?!
Ақша бұлттан, жауыннан сені іздедім,
Қаладан да, ауылдан сені іздедім.
Сені іздедім арманым асқақ болып,
Сеземісің сен оны, неге іздедім?!
 Жаздан, күзден, қыстан да сені іздедім,
Көктемнен де, бөктерден сені іздедім.
Сені іздедім көңілім алабұртып,
Сеземісің сен оны, неге іздедім?!
Сеземісің расында, неге іздедім?
Буырқанған жаныма егіз бе едің?
Бұл жанымды толқындай тербелейтін,
Сұлулана толқыған теңіз бе едің?




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу