Өлеңдер ✍️

  19.01.2024
  130


Автор: Жібек Ысқақова

ОЙЛАН ДОСЫМ

Ойлан досым бүгінің, ертеңіңді,
Тым кеш етпей атқан таң, ерте күнді.
Өткеніңе қарама, салауат айт,
Өз-өзіңнен жей бермей іште мұңды...
Ойлан досым бүгінің, ертеңіңді,
Жақсы ойда қарсы алып көктеміңді.
Ата-анаңа қарайла, жақсылық ет,
Қуат беріп өсірер өркеніңді...
Ойлан досым бүгінің, ертеңіңді,
Ойға алмай біреуге кектенуді.
Өкпе, реніш жеткізбес мұратыңа,
Тоқтатпасаң ашу мен жек көруді.
 Ойлан досым бүгінің, ертеңіңді,
Осы күнге сен қалай жеткеніңді.
Болашаққа қарағын зор үмітпен,
Таразылап ойға алып өткеніңді.
Ойлан досым бүгінің, ертеңіңді,
Қанша жанды бақытты еткеніңді.
Әр күніңді бағала, қуана түс,
Шүкірлік қып әр таңға жеткеніңді...
Өмір қысқа қамшының сабындай бұл,
Бұл өмірде жарқырап, жалындай біл.
Әрбір жанмен тату бол, сыйласып өт,
Өкпелеумен өткізбей уақытты құр...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу