Өлеңдер ✍️

  19.01.2024
  162


Автор: Жібек Ысқақова

ТУЫСҚАНДАР, ТУЫС ЖАНДАР

Туысқандар, туыс жандар, ағайын,
Сіздер үшін ашайын жан сарайын.
Қуанышта, қайғыда да бір болар,
Туысқандар бір кәдеңе жарайын...
Туысқандар, туыс жандар, бауырлар,
Күлім қағып шуақты атсын таңың әр.
Бауыр керек әр жанға бауыр керек,
Қасыңыздан тілекшің боп табылар.
Туысқандар, туыс жандар, ағалар,
Мерейіңді асқақтатып, бағалар.
Күлімдесең қуанатын шаттана,
Ал мұңайсаң көңіліңді таба алар...
Туысқандар, туыс жандар, әпкелер,
Жақсылыққа сені әркез жетелер.
Бақыттысың әпкең болса қасыңда,
Жан әпкеңе жас балаша еркелер...
Туысқандар, туыс жандар інілер,
Жанашыр жан мейірімді сіңлілер.
Сендер барда көңіліміз жай біздің,
Сәл жоқ болсаң орындарың білінер...
 Туысқандар, туыс жандар, жеңгелер,
Айтыңдаршы, сіздерге кім тең келер.
Келіндер ғой жақсылыққа бастайтын,
Қолдап әркез отбасына дем берер...
Туысқандар, туыс жандар, жезделер,
Сіз жақсысыз не десе де өзгелер.
Той думанда, жиындарда күйеудің,
Қайынжұртта қызмет етер кез келер.
Туысқандар, туыс жандар нағашы,
Нағашыны жақыныңа балашы.
Бөлелер мен жиендер бар туысың,
Бақыттысың, жан-жағыңа қарашы...
Туысқандар, туыс жандар барлығы,
Бірге болса жарқырайды ай, күні.
Сыйластықпен араласса тату боп,
Осы емес пе бұл өмірдің байлығы?!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу