Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
19.01.2024
145
ТҮРКІСТАНЫМ
Ақ жүзіңе сұлуланған,
Келеді қарай бергім.
Жаныма нұр, жылу салған,
Бағыма балай бердім.
Шуақ шашқан күнімдейсің,
Ажарың баурап алды.
Бір іңкәрлік білінбей, шын,
Жүректі жаулап алды.
Түркістаным — махаббатым,
Аңыз қалам сен менің.
Яссауиден шапағаттың,
Тылсым күшін сеземін.
Керуен сарай көш бастады,
Бір көруге асық қып.
Субұрқақ, көл, көз тартады,
Өздеріне ғашық қып.
Көзім тоймай қарай берем,
Шырайлы келбетіңе.
Дәл өзіңдей жоқ деп білем,
Сұлулық жер бетінде.
Жұлдыз сынды жарқырайтын
Биік болсын мәртебең.
Саған деген махаббатым,
Шексіз мөлдір бір әлем!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter