Өлеңдер ✍️

  19.01.2024
  756


Автор: Жібек Ысқақова

АНАНЫҢ МЕЙРІМІНДЕЙ МЕЙІРІМ ЖОҚ

Ананың мейріміндей мейірім жоқ,
Көрседе бұл өмірде тауқымет көп.
Ойлайды әрқашанда балаларын,
Бірінші, бәрінен де бірінші боп.
Ананың мейріміндей мейірім жоқ,
Беретін баласына мейірі көп.
Баласы қуанса егер, шаттанса егер,
Жүретін гүлдей жайнап, көңілді боп.
Ананың мейріміндей мейірім жоқ,
Түседі жанып тұрған отқа да көп.
Мен күйсем күйейін деп, тек баламның,
Жүретін шалмасын деп басынан от.
Ананың мейріміндей мейірім жоқ,
Баласы үшін алаңдар уайымы көп.
Мен аш болсам болайын, тек баламның,
Болсыншы деп қашанда қарыны тоқ.
Ананың мейріміндей мейірім жоқ,
Қартайса да ойлайтын баласын көп.
Ана үшін балалары аман жүрсе,
Жүреді жүзі жайнап, бақытты боп.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Комментарии

Гүлжайна
Гүлжайна 05.03.2024 10:13
Өте жақсы
04.03.2024 20:01
Салем ана калаисыз
Жасмин
Жасмин 04.03.2024 20:00
Ан

Пікір жазу