Өлеңдер ✍️

  19.01.2024
  121


Автор: Жібек Ысқақова

БҮГІН МЕНІҢ ТУҒАН КҮНІМ, АНАШЫМ!

Бүгін менің туған күнім, ағайын,
Жаңа жасым, сәлемдесіп алайын!
Жаңа жастың сезініп бар жақсысын,
Шуақ берер күнің болып тарайын!
Бүгін менің туған күнім, анашым,
Бір өзіңсің, мен үшін ең дара шың.
Жан анашым өзіңізге бас ием,
Әрқашанда ойлап жүрер баласын.
Бүгін менің туған күнім, бауырым,
Бірге білем туған-туыс, ауылым.
Сіздерменен әрбір күнім шырайлы,
Сіз аман бол, жақындарым, қауымым!
Бүгін менің туған күнім, достарым,
Сіздерменен ашық менің аспаным.
Сыйластықта бірге жүрсем сіздермен,
Құлпырады гүлдей болып жас жаным.
Бүгін менің туған күнім, қараңыз,
Алла қолдап алға жүріп барамыз.
Ден сау болып, әр күніміз нұрлы боп,
Жақын болсын, алыстамай арамыз.
Бүгін менің туған күнім, бұл күні-ай,
Аман болшы қазақ елім, жұртым-ай!
«Әттеген-ай» күндеріміз жоқ болып,
Күндеріміз көп болсын дер: «Шіркін-ай!»




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу