Өлеңдер ✍️
БІРТУАР ЖАН, НАР ТҰЛҒА
(Ахмет Байтұрсыновқа)
Бір туар жан, нар тұлға жаны таза,
Қазақ тілін сөйлеткен, әдебиетін.
Еңбек етіп ақ адал жолыменен,
Көркемдеді қазақтың мәдениетін.
Байтұрсынов ол Ахмет білсеңіздер,
Жүзінде нұр, бойында дарыны бар.
Қарсы шыққан билікке қайсарлықпен,
Бой қарыған сөзінде жалыны бар.
Ұстаздық қып мектепте қызмет етті,
Бойындағы дарынын, бәрін салып.
Шамнан шырақ жасады еңбегімен,
Болашаққа үміттің отын жағып.
Әріптерді сөйлетіп тізбегімен,
Қызықты етіп жасады Әліппені.
Әліппенің атасы Байтұрсынов,
Оңай жолын оқудың тауып берді.
Әліппеден бастаймыз оқуды біз,
Білім алу жолында қанаттанып.
Ұмытпаймыз ешқашан ұлт атасын,
Кітаптарды ол жайлы сан ақтарып.
Әдебиетші атаның аты әйгілі,
«Қырық мысал», «Маса» атты еңбегі бар.
Дәріптеді ол, Абайдың шығармасын,
Ұлтымызға пайдасы берері бар.
Елі үшін ұйқысын төртке бөлген,
Бұл күндері Ахметтің аты аңыз.
Үн қатады өткен күн тарихымнан,
Оны білу қашанда бізге парыз!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter