Өлеңдер ✍️

  19.01.2024
  157


Автор: Жібек Ысқақова

БҮГІН МЕНІҢ ТУҒАН КҮНІМ

Бүгін менің туған күнім, күн қандай?!
Бүкіл әлем шуақ шашып тұрғандай...
Күн күлімдеп, ыстық нұрын төгеді,
Ықыласын мына маған бұрғандай...
Көңілімді шаттық үні тербейді,
Әсем әуен жан дүниемді емдейді...
Қайғы менен мұңдар үнсіз жоқ болып,
Амалсыздан алыстан қол сермейді...
Қуаныш пен шаттық үні алаулап,
Жүрегімді нұрландырып арай бақ...
Жарқырайды жүректегі сенімім,
Барша адамға сұлулана қарайлап...
Бақыт құсы-маған кеп үн қатқандай,
Жан дүниемді жылытып, от жаққандай...
Қиындықты жеңу үшін қасқая,
Жаратқаным қуат беріп жатқандай...
Би билейік, қуаныштан арылмай,
Бұл өмірдің қиынына бағынбай...
 Жадырасын жаздай көңіл нұрлана,
Тау суындай, мөлдір бұлақ ағындай...
Шүкір Алла, осы күнге жеткіздің,
Бүгін тағы бақытты жан еткіздің.
Жар боп әркез мына маған Құдайым,
Адастырма, жалғасынан текті іздің...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу