Өлеңдер ✍️

  09.01.2024
  486


Автор: Қайрат Әлімбек

Қазақ тілі

Көңілімнің ғажап күні,
Ойдың еркін азаттығы,
Өмірімнің ләззат, мұңы.
Бәрі сенсің - Қазақ тілі!


 


Жанам әлі жау күйікте,
Біле алмадық құрметтей…
Ту тігілген зау биікке,
Келеді әлі тілім жетпей.


 


Есте болсын кемел, шебер,
Ағалардың әз ұраны:
«Елді сөзі жоғалға егер,
Жоғалады өзі дағы»


 


Тәуелсіздік арға лайық,
Ата жолын, елін қоштар.
Тілді тудай қолға алайық,
Жалын жастар, қарындастар!


 


Елдік үшін мың күйіп те,
Қыран сарбаз қас қақпасыр,
Туың тұрған түу биікке,
Тілдің рухы асқақтасын!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу