Өлеңдер ✍️

  29.12.2023
  608


Автор: Айтқалиев Айдос Даниярұлы

Шынайы адам жоқпа?

Айналамда шынайы адам жоқпа?


Даңғарадай қамалды жүрек отқа,


Иттің адалдығына жете алмай.


Жанымдағы адамдар жүрген жоқпа?


 


Ашу тисе біреуден өшін алып,


Сабырсыздан өтірік өсек жайып,


Айналамда көп екен небір иттер.


Мені адам кейіпінде жүрген қауып.


 


Өмір өзі береді арсыздарды,


Тағдыр бізден алыстатар жамандарды


Иттердің дос болғаны қандай жақсы.


Адамның ит болғаны жарамасты.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу